• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
Бизнестің жол картасы-2025> Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның паспорты

Атауы

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
 

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.
2. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің өндірістік қуатын ұлғайту.
3. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.
4. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.
5. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге көшуіне жол бермеу.
6. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
7. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.
8. Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2024 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 421 421 239 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады:
1) республикалық бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 57 926 348 мың теңге;
2021 – 62 969 704 мың теңге;
2022 – 56 894 521 мың теңге;
2023 – 50 516 973 мың теңге;
2024 – 43 113 693 мың теңге;
2) жергілікті бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 30 000 000 мың теңге;
2021 – 30 000 000 мың теңге;
2022 – 30 000 000 мың теңге;
2023 – 30 000 000 мың теңге;
2024 – 30 000 000 мың теңге.

2
3
4