Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау
2. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
3) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді.
3. Салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып табылады.
4. Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсатында моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
5. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және кешенді кәсіпкерлік лицензияға (бұдан әрі – франчайзинг) бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
6. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
7. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
8. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
9. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
10. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
11. Субсидиялау кәсіпкерлер ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
12. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
14. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
15. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
16. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
17. Кепілдік тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша ғана беріледі.
18. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.
19. Кепілдіктер мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.
20. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
21. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартады.
22. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
23. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
3