4-тарау. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға байланысты негізгі тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі шаралар
Мемлекеттік бағдарламада қойылған мақсатқа қол жеткізу әртүрлі тәуекелдермен күрделенуі мүмкін, бұл оларды болжау және оларды барынша азайту жөнінде уақтылы шаралар қабылдау қажеттілігін негіздейді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде туындауы мүмкін негізгі тәуекелдерге мыналар жатады: мемлекеттік бағдарламаны тиімді іске асыру үшін қажетті заңнаманың өзгеруіне, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру процесінің ұзақтығына байланысты құқықтық тәуекелдер, бұл мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мерзімдерінің ұлғаюына немесе оларды орындау шарттарының өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін; бағдарламалық іс-шаралардың бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемінің қысқаруына байланысты қаржылық тәуекелдер, соның нәтижесінде олардың орындалуын қысқарту немесе тоқтатылуына алып келуі мүмкін; мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды тиімсіз басқарумен, өзара мүдделі тараптардың іс-қимыл тиімділігінің төмендігімен байланысты әкімшілік тәуекелдер, бұл мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың жоспарланған мерзімдерін бұзуға, оның мақсаттары мен міндеттерін орындамауға, іс-шараларды орындау тиімділігін азайтуға әкеп соғуы мүмкін.

2Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде тәуекелдердің әсерін азайту мақсатында жоспарлануда: құжаттарды әзірлеу кезеңінде құжаттардың жобаларын талқылауға мүдделі тараптарды тарту; кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнамаға жоспарланған өзгерістерді есепке алу;
қол жеткізілген нәтижелерге байланысты мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға көзделген қаржы қаражатының көлемін жыл сайын нақтылау және бірінші кезекте қаржыландыру үшін басымдықтарды айқындау; мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелілігінің жүйелі мониторингін жүргізу; мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру; мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын уақтылы түзету

3