5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
5.1.Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның бірінші бағытында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;
4) еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.
Бағдарламаның бірінші бағытының техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша операторы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек ресурстары мен қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "ЕРДО" АҚ) және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау ескеріле отырып айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
ТжКБ оқу орындары мыналар:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді топтар құрылады.
Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер жөніндегі ақпаратты (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол)ұсынады.
ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және солардың талаптары бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.
Ескерту. 5.1.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.
29 жасқа толмаған жастар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға арналған (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысушыға халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастыратын топтарда немесе білім беру курстарының ұйымдарын немесе оқу тобын өз бетінше таңдау жолымен оқудан өту мүмкіндігі беріледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары, біліктіліктер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-нің ұсынысы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.
Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілер өтінімдерінің, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және "ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау негізінде қалыптастырылады.
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде тізбеге енгізіледі:
1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану;
2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу бойынша кемінде бір жылдық тәжірибесінің болуы не "Атамекен" ҰКП орталықтары тізіліміне қосылу;
3) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім беру сәтіне) кемінде 60%-ды құрауы және міндетті зейнетақы жарналарының бар болуы негізінде айқындалады (жұмысқа орналасу деңгейі алдыңғы бір жылдан аспайтын кезеңде оқуды аяқтағаннан кейін үш ай өткеннен кейін тексеріледі);
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың болуы;
5) заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;
6) ӨКП және жұмыс берушілермен келісілген қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламаларының болуы.
2019 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді, оның негізінде өңірлік комиссия қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындайды.
Бекітілген тізілім, сондай-ақ біліктіліктер мен дағдылар бөлінісінде ұсынылатын оқу бағдарламаларының тізбесі Электрондық еңбек биржасында, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП-ның интернет-ресурсында еркін қолжетімді түрде орналастырылады және жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Тізілімге енген оқу орталықтары мен оқу орындары халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге құқығы бар.
Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеуді көздейді. Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін міндетті шарт болып табылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға Заңға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде тұруға арналған материалдық көмек төленбейді.
Оқу орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдарға стипендия мен материалдық көмекті халықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;
2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру ұйымы сабаққа келуі туралы берген анықтаманың негізінде төленеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есеп береді.
Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде тартылған тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 5.1.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.1.3. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау
Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар болып табылады.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік оқу жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен, тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кадрларға қажеттілікті және кейін өңірде жұмысқа орналастыруды ескере отырып қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.
Мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары бойынша білім беру гранттарын бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Мамандықтар мен біліктіліктердің, ТжКБ оқу орындарының тізбесін және мемлекеттік білім беру гранттарын қалыптастыруды және бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жоба шеңберінде жүзеге асырады.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және "ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығындағы қажеттіліктерін талдау мен болжауды ескере отырып айқындалады.
Оқу орындары жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болса ғана тізбеге қосылады.
Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктілікке байланысты болады.
Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған жоғары оқы орындары мен колледждердің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді. Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасындағы түлекті жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырады.
Ескерту. 5.1.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау
Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқартылатын жұмыскерлер кадрларды қайта даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау шартымен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер тізбесі мен оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.
Өтінім берілген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде жұмыс беруші қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға өтінім беру туралы хабардар етеді.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау 4.0 индустриясы элементтеріне негізделген жаңа экономиканың анағұрылым сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылары бойынша жүзеге асырылады. Біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган салалық орталық атқарушы органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп айқындайды.
Кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылатын біліктіліктер мен дағдылар тізбесі экономика салаларын технологиялық жаңғырту жоспарлары мен Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол карталары ескеріле отырып айқындалады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қайта даярлау білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) бойынша жүргізіледі. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделуі мүмкін.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес айқындалады.
Білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың ерекшелігіне қарай он екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:
- жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
- жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
- жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары құнының кемінде 50 %-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 50 %-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.
Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек ресурстарын қайта даярлауға арналған онлайн оқыту
Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетіспейтін және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.
Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру бойынша онлайн курстарды қамтиды. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.
Ескерту. 5.1.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту;
3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалалар мен моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.
Мынадай:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
"Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
"Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде Бағдарламаға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.
Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторының базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру немесе веб-портал арқылы қашықтықтан оқыту;
3) Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға психологиялық диагностикасы (уәждемесі);
4) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;
5) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.
Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.
Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.
"Атамекен" ҰКП халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынған оқуға үміткерлердің тізімінен қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуға, оның ішінде статустарды өзектілендіру кезінде анықталған үміткерлердің тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы қалыптастырады.
Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.
Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.
"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасы республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылған кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасалады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП-нің арасында тиісті шарт жасалады.
ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі екінші бағыттың тиісті операторы бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалалар мен қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар басым құқыққа ие болады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыссыз адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, ісін жаңадан бастайтын және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, зәкірлі кооперацияны қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары, кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу шараларына қатысушылар болып табылады.
Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.
Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
2) бар болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат) көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы тексерулер нәтижелері бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге жолдама береді.
Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның ішінде бұдан бұрын ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Кредиттер/микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған/ ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлі кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;
2) қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.
Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не сертификат алған күннен бастап кредит/микрокредит алу үшін жүгінген күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары бар болса беріледі. "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) алған Бағдарламаға қатысушылардың кредиттер/микрокредиттер алуға басым құқығы болады.
Кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушыларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Жұмыскерлер санының жылдық орташа өсу динамикасын айқындау үшін кредитор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер санының жылдық орташа өсу динамикасын есептеу кезінде есептік кезең келесі қаржы жылының басы болып табылады.
Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі ЖАО ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған кезде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/"АШҚҚҚ"АҚ-ға/ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ ұсынылады.
Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ҰКП, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін аудандардың, шағын қалалардың бұдан бұрын бекітілген мамандану карталары қолданылады.
Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және кредиттеуге уәкілетті "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ арқылы кредиттеу бойынша қорландырылатын кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.
Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер "Даму" КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ "АШҚҚҚ" АҚ арқылы беріледі.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен беріледі:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;
3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредит ЖАО-ға аударылған кезден бастап есептеледі.
Кредиторлар ЖАО-мен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20 %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.
Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.
Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-лар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.
Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;
3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін – 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.
МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады (қаржылық-орнықты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі);
2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ үшін жылдық 2 %-ға дейін;
4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалалар мен моноқалаларда 9 ай;
5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.
Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
қалаларда, моноқалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі;
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;
9) МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ ЖЖК 2020 бағдарламасының және Бағдарлама шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен аудандардың және шағын қалалардың мамандану картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан, Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді мынадай тәртіппен іске асырады:
2018 жыл аяқталғанға дейін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен;
осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде және ЖАО-мен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен.
Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/"АШҚҚҚ" АҚ арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.
Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 5.2.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру
Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;
2) қалалар мен моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ, қалалар мен моноқалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін ЖАО-дан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінің 30%-ын, қалалар мен моноқалаларда – 20 %-ын құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде ұсынылады.
Ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 %-ынан аспайды.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ға жүгінген сәтте үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлі кооперациялардың мүшелері үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50 %-ынан аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6 %-дан аспайды.
Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.
Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражатын игерудің растамасы болып табылады.
Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.
Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау
МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
МҚҰ-ның ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттер беруге арналған операциялық шығындары субсидиялауға жатады.
МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.
Субсидиялар мынадай шарттар бойынша беріледі:
1) субсидия мөлшері "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінің 10%-ын құрайды;
2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ ұсынған, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ растаған қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін ЖАО ұсынған қаражаттың игерілуін субсидиялау жөніндегі оператор МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде растауға тиіс;
4) субсидиялау мақсаты үшін Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескеріледі.
Бұрын берілген, олар бойынша МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған микрокредиттерден қайтарылған (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге арналған МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.
МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында реттеледі.
Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО арқылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-лар микрокредит беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторларына:
1) "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуы;
2) кепілдік беруді және субсидиялауды ескере отырып, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру барысы;
3) кепілдік беруді ескере отырып, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беру барысы;
4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат береді.
Бағдарлама операторлары ЖАО-дан алынған ақпараттың негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді.
5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Колледждер мен ЖОО-ларда немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Табысы аз және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Мемлекеттік грант қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 5.2.5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыссыздарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын, жастарды, сондай-ақ NEET санатындағы жастарды, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері және мүгедек балаларды тәрбиелеуші аналарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.
5.3.1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыз адамдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) лайықты бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) жастар практикасын ұйымдастыру;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері және мүгедек балаларды тәрбиелеуші аналар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар етуді;
2) адамның жеке-психологиялық мінездемесінің, тұрмыс жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған жекелеген санаттар, NEET санатындағы жастар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.
Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ӨКП мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:
1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
3) іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
Орталық мемлекеттік және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналастыру үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жұмыс орындарының құрылуын мониторингілеу
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және ЖАО құрылатын жұмыс орындарын есепке алу мақсатында жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізеді.
Орталық және ЖАО мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған мәліметтердің негізінде жылдарға, құрылыс (іске асыру) және пайдалануға беру кезеңіне бөле отырып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде құрылатын Жұмыс орындарының картасын қалыптастырады.
Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және ЖАО жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жұмыссыздарды оның ішінде табысы аз көпбалалы аналарды, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Табысы аз көпбалалы аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға да үйде әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұйымдастыру көзделеді.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар және табысы аз көпбалалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар басымдыққа ие болады.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін ЖАО дербес белгілейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс істеген уақытына ай сайын жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу шарттары мен оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындардан тыс жүргізіледі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Жұмыссыздар жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және жастар практикасына қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда олармен жасалған тиісті шарт бұзылып, жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқықты:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар бойынша:
1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге асырылады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.
Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
Ақпаратта кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар болуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Шығу өңірлерінің ЖАО-лары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
3) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
4) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз мөлшерінде квотамен айқындалған қабылдау өңірлерінде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуда басымдықты пайдаланады.
"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.
Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;
3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – 18 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен оның жеке меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасыға бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.
Отбасыға жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.
Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша міндеттемелері көзделеді.
Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде Бағдарламаға қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.
Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, қаржыландыру және оны алу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
Шығу өңірінде тұрақты тіркелген, кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультациялар береді.
Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті қоныс аударуы қағидаларына сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді және құжаттарды қоса береді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы қабылдау өңірлерінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына үміткерлердің жиынтық тізімін жолдайды.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң қорытынды болған жағдайда үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.
Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органдары 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.
Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді және құжаттарды қоса береді.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы үміткерді хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау ұсыну туралы жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосады.
Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
4) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.
Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;
3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;
4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.
Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.
Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді, құжаттарды қабылдайды, жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады, үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушымен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады.
ЖАО халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асыра алады.
ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын өңірлерде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.
Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растаушы құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыға көшуге субсидиялар төлейді.
Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.
Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету
Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ЖАО мыналарды:
1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);
2) Бағдарламаның салынып жатқан объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді;
3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді;
4) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.
Тұрғын үй құрылысы, сатып алу (құнын төлеп алу) жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады. Қоса қаржыландыру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылады. Аталған міндетті іске асыру үшін ЖАО, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерді тартуы мүмкін.
Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ЖАО арқылы жүзеге асырылады.
ЖАО мен жұмыс беруші ниет шартын жасасады, онда мынадай міндеттемелер көзделеді:
1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібі;
2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;
3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері.
Тұрғын үйлер салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің соңғы құнын айқындағаннан кейін ЖАО бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің аталған құрылысты қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.
Пайдалануға енгізілгеннен кейін тұрғын үй ЖАО теңгеріміне беріледі.
Құрылыс кезінде ЖАО үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасайды, оның шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен өтеуі болып табылады.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарын, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйде тұрудың 5 жылдық мерзімін бұзған кезде жалға алу төлемдері қайтарылмайды, ал тұрғын үй келесі қатысушыға беріледі.
20 жылдық мерзім аяқталған соң Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.
ЖАО, жұмыс беруші және Бағдарламаға қатысушы арасында 20 жыл мерзімге тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт талаптары сақталған жағдайда, 5 жыл тұру мерзімі аяқталған соң Бағдарламаға қатысушының мына талаптарды сақтау шартымен тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар:
1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы төлеммен енгізу;
2) қалған соманы келесі 15 жыл ішінде тең үлестермен енгізу (бұл ретте тұрғын үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін ол қатысушының меншігіне әділет органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі).
Бағдарламаға қатысушылардың нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) және бөлу бойынша іс-шараларды қаржыландыру тетігі, тұрғын үй беру, оған қоныстану және оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
Бағдарламаның бұл бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.
"Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорларындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.
"Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және онда жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары және NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың мүшелері, табысы аз көпбалалы отбасылар, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығын көрсету туралы мәліметтер қамтылады.
Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған, қажетті құжаттардың тізімі мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді.
"Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте орналастырылады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.
Портал жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы порталда жұмыс іздеушілер өз бетінше және жұмыс берушілер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері орналастыратын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте орналастырылатын мәліметтер есебінен олардың өздері дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте орналастыра алады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.
Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасын" және порталды республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
ЖАО осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәдениет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу (сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі);
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).
ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Іске асыру тәртібі мен шарттары:
ЖАО жобаларды іріктеуді және іске асыруды:
1) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;
2) құрылыс саласында сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;
6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;
7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштері жоқ және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды.
10) ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін ұсынады;
11) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:
басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің себептері;
жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;
12) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды:
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесін;
бар болса, білімі туралы құжаттың көшірмесін (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса береді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді.
13) Бағдарламаға қатысушылар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
5.4. Төртінші бағыт: "Жастар – ел тірегі" жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру
Бағдарламаның төртінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау";
2) "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту.
Кадрлар даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы NEET санатындағы жастардың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында аудандарда аудандық комиссияның шешімімен мобильді топтар құрылатын болады.
Мобильді топтардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау үшін үміткерлердің тізімін қалыптастыру;
2) түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3) коучинг жүргізу;
4) психологиялық қолдау көрсету;
5) кәсіптік бағдарлау тестін өткізу.
Мобильді топтардың құрамына білім беру, халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлік палатасының, жастарды қолдау орталықтарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттер қатысады.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген NEET санатындағы жастардың тізбесі аудандық комиссияның шешімімен бекітіледі және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.
5.4.1. "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлау"
Елдің экономикасы мен өнеркәсіпті дамыту білімі мен алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша және заманауи жабдықта жұмыс істеу дағдысы бар жоғары білікті мамандарды талап етеді.
Білім беру ұйымдарында осындай технологиялар мен жабдықтардың болуы бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға және шығаруға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының өзекті проблемаларының бірі ағымдағы өндірістің талабына сәйкес келмейтін ескірген оқу жабдықтары, сондай-ақ түлектер біліктілігінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі болып табылады.
"Жас маман" жобасы оқу жабдықтарын жаңғыртуға және халықаралық салалық стандарттар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауға жәрдемдеседі.
Жобаны іске асыру 2019 – 2021 жылдар аралығында жүреді.
"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Жас маман" жобасы операторының функцияларын жүзеге асырады.
100 сұранысқа ие және перспективалық кәсіптердің тізбесін өңірлер бөлісінде олардың дамуын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган колледждерді, ЖОО-ларды, жабдықтарды, оның ішінде кадрларды даярлау бейініне сәйкес шетелдік әріптестерді іріктеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс берушілер, салалық қауымдастықтар және басқа да тараптар мамандарының қатарынан "Жас маман" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құрады.
Колледждер үшін жабдықтарды сатып алу республикалық бюджеттің есебінен, ЖОО-лар үшін лизинг тетігі арқылы немесе ЖОО-лардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Колледждер мен жоғары оқу орындарын, шетелдік әріптестерді, ұсынылатын жабдықтардың тізбесін іріктеу шарттары мен тетіктері, "Жас маман" жобасын іске асыруды қаржыландыру мен мониторингілеу мерзімдері "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
Ерікті әлеуметтік бағдарланған, қоғамдық пайдалы қызметке тартылған жоғары оқу орындары студенттерінің үлесін арттыру
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік студенттік кредит беру түрінде материалдық көтермелеу арқылы студенттерді қоғамдық пайдалы қызметке тарту.
Қоғамдық пайдалы қызмет балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, жастарға қызмет көрсету орталықтарында, жастар сарайларында, қарттар үйлерінде, емханаларда, ЖОО-ларда, мектептерде, колледждер мен басқа ұйымдарда жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік студенттік кредит білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге мынадай түрлері бойынша беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін басқа да түрлер.
Студенттерге әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлері беріледі:
1) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 20 сағатына ваучер – 20 000 теңге, сондай-ақ тиісті 2 академиялық кредит есепке алынады;
2) қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асырудың 50 сағатына ваучер – 50 000 теңге, сондай-ақ тиісті 5 академиялық кредит есепке алынады.
"Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы әлеуметтік студенттік кредитті ұйымдастыру бойынша оператор болып табылады.
Қоғамдық пайдалы қызметті ұйымдастыру үшін мыналарды:
1) студенттер үшін: жүйеде тіркелуді, олардың қоғамдық пайдалы қызмет түрін таңдауын және т.б.;
2) ЖОО-лар үшін студенттің статусын растайтын құжаттарды енгізуді және ЖББП циклының академиялық кредиттерін есепке алуды/алмауды және т.б. көздейтін "Әлеуметтік студенттік кредиттер" ақпараттық жүйесі жасалады.
Қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге әлеуметтік студенттік кредит беру тәртібі, шарттары және оны сүйемелдеу білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бекітетін салалық көтермелеу жүйесінде айқындалады.
Жастар практикасын ұйымдастыру
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.4.2 "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту
Жастар кәсіпкерлігін мақсатты мемлекеттік қолдау шағын орта бизнестің дамуына септігін тигізетін болады.
"Жас кәсіпкер" жобасы жыл сайын 100 мыңға дейін жас адамды қамти отырып, жастарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған.
"Жас кәсіпкер" жобасына қатысушылар жас кәсіпкерлер, жас отбасылардың мүшелері болып табылады.
Жастарды кәсіпкерлікке кеңінен тарту үшін "Жас кәсіпкер" жобасының шеңберінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) жастарға кредиттер/микрокредиттер беру;
5) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
NEET санатындағы жастарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі осы Бағдарламаның 5-тармағының 5.2.1-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін NEET санатындағы жастар Қазақстан Республикасының заңнамасында орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
ЖОО мен ТжКБ студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
Студенттерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ЖОО мен ТжКБ-да жүзеге асырылады, себебі дәл осы білім беру жүйесі қажетті білім, дағдылар және құзыреттіліктер береді.
ТжКБ мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
ЖОО мен ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары қосылады.
Колледждерде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту процесінің ұзақтығы факультативті сабақтардың есебінен 36 сағатты құрайды.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы, 100/200 қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қаржыландыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар беру
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидаларында көзделеді.
Жастарға кредиттер/микрокредиттер беру
Кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын жастарға беріледі.
Кредиттер/микрокредиттер беруді ұйымдастыру және қаржыландыру осы Бағдарламаның 5-тармағының 5.2.2-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың барынша тиімді нысаны өтеусіз және қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруді ұйымдастыру және қаржыландыру осы Бағдарламаның 5-тармағының 5.2.5-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5.4.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен құрылыммен басқарылады, оның құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК (Ведомствоаралық комиссия), Бағдарламаның операторлары, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар ЖАО-лар кіреді.
Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) ВАК;
2) Бағдарлама операторлары;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО;
аудандық (қалалық) деңгейде:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО;
3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық органдар мен ЖАО-лардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және ЖАО-лармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) Бағдарламаны нормативтік-құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және Бағдарлама бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы дәйекті мәліметтер беру үшін жауапты болады;
5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
6) ЖАО-лардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
Өңірлік комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін біліктіліктердің тізбесін бекітеді;
3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және біліктіліктер бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (қалалық) комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;
2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрады.
4) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастардың тізімін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді қамтамасыз етеді;
3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;
6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;
7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асырады;
9) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады;
11) білім беру саласындағы уәкілетті органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізбесін бекітеді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауды, болжауды жүргізеді;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін жүргізеді;
5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытын үйлестіруді және іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бойынша және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
4) "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.
Білім беру саласындағы ЖАО:
1) мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктердің, мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және тізімдерді аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлауды үйлестіреді және мониторингілеуді жүзеге асырады;
4) қаражатты бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға орналастырады;
5) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы ЖАО:
1) жергілікті жерлерде тартылған барлық тараптардың Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
2) жергілікті бюджет қаражатын ТжКБ бар кадрларды даярлауға орналастырады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін қалыптастырады;
6) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі ЖАО:
1) аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары:
1) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін ӨКП-мен бірлесіп, дуальды оқыту моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
2) цифрлық сауаттылық дағдыларына және ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын әзірлейді;
3) дуальды оқыту моделінің элементтері бар ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады;
5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді;
6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, оқудан шығарылған адамдар бойынша ақпаратты енгізуді жүзеге асырады. Аталған ақпарат порталдық шешім арқылы облыстық деңгейдегі білім және жұмыспен қамту саласындағы ЖАО-ларға, сондай-ақ мониторинг және есептілік құруды жүзеге асыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО:
1) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
2) кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдендіру шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) қалалар мен моноқалаларда кредит/микрокредит берудің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
4) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО:
1) "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
2) микрокредиттерді кепілдендіру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;
3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит берудің іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады;
4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;
6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді;
7) ӨКП-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.
"Атамекен" ҰКП және ӨКП:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін айқындауға қатысады;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;
4) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;
5) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;
6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану карталарын әзірлейді;
7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;
9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушыларды бір жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді;
10) "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастардың тізімдерін қалыптастыру жөніндегі мобильді топтарды үйлестіруді жүзеге асырады;
11) үйдегі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді.
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:
1) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ларға аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдем көрсетеді;
2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама шараларының іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады;
3) ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану картасын айқындайды;
4) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпорындарға, ұйымдарға және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;
6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері:
1) елді мекендерде Бағдарлама шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, халық арасында Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультациялар береді және қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-ға/ЕДБ-ға/МҚҰ-ға жібереді;
4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысады;
5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;
6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
7) ауданның және елді мекендердің мамандану картасын дайындауға қатысады;
8) Бағдарламаның әртүрлі бағыттары бойынша қатысатын адамдарға мониторинг жүргізеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
2) тізім қалыптастырады және Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді;
3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді;
5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді және есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ға оқып жүргендер жөнінде ақпарат береді;
7) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуын және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
8) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналасу және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингтеуді жүзеге асырады;
9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды;
10) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру мәселесімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестірумен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.
Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың осы Бағдарламада көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.
Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар:
1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге, 2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 130 661 407 мың теңге, 2020 жылы – 68 391 978 мың теңге, 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге көзделеді;
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.