1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.07.2019 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Атауы
|
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
|
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша
|
Мақсаты
|
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту
|
Міндеттері
|
1-міндет. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. 2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау. 4-міндет. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау. 5-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту. 7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру. 8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру. 9-міндет. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және жұмыссыздар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу. 10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту. 12-міндет. "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
|
Іске асыру мерзімдері
|
2017 – 2021 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады; 2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2 %-дан аспайды; 4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды.
|
Қаржыландыру көздері және көлемі
|
1) республикалық бюджеттен қаражат: 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге; 2018 жылы – 66 364 449 мың теңге; 2019 жылы – 130 661 407 мың теңге; 2020 жылы – 68 391 978 мың теңге; 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге. 2) жергілікті бюджет есебінен қаражат: 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге; 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге; 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге
|