• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg

5-тарау. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

      Ескерту. 5-тарауға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 944 қаулысымен.

      5. Бағдарлама негізгі мақсатқа өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға қол жеткізу үшін іске асырылуы тиіс өзара байланысты шаралар жиынтығын іске асыруды көздейді.

      Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау

      6. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:

      1) лизингтік компаниялардың/даму банктерінің/банктердің қаржылық лизинг шарттары/кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;

      2) банктер/даму банктерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      3) мемлекеттік гранттар беру;

      4) банктер алдында микроқаржы ұйымдарының кредиттерін ішінара кепілдендіру;

      5) ислам банктерінің кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін және тауарға үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау.

      6) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

      7. Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары салалық шектеулерсіз және кәсіпкерді тіркеу орны ескерілмей ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер болып табылады.

      8. Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсатында моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.

      Лизингтік компаниялардың/даму банктерінің/банктердің қаржылық лизинг шарттары/кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      9. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      10. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      11. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      13. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      14. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Банктің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

      15. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.

      16. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.

      17. Кепілдік мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.

      18. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.

      19. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

      20. Банктердің/даму банктерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      21. Қаржы агенттігі кредитті нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.

      22. Қаржы агенттігі кредитті толығымен нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде кепілдікті жояды.

      23. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банктерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Мемлекеттік гранттар ұсыну

      24. Мемлекеттік гранттар:

      1) экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және ИИДМБ анықтаған қызметтердің жеке түрлеріндегі жаңа бизнес-идеяларды;

      2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға өтеусіз негізде беріледі.

      25. Моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеулерсіз беріледі.

      26. Мемлекеттік гранттар ұсыну нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      28. Мемлекеттік гранттарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында индустриялық-инновациялық жобаларды және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру

      29. Ішінара кепілдік беру моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне кейін микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған микроқаржы ұйымдарының жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.

      30. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді.

      31. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      32. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит алуға өтініш береді.

      33. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, содан кейін қаржы агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      34. Кредит сомасы бір микроқаржы ұйымы үшін үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешегі ескерілмей есептеледі.

      35. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына дейін жетуі мүмкін.

      36. Ұсынылатын кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      37. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдарына банктер кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

      38. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттерге ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Ислам банктерінің кірісін құрайтын жалгерлік төлемінің бөлігін және тауарға үстеме бөлігін субсидиялау

      39. Субсидиялау кәсіпкерлер ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарлардың/жалгерлік төлемдерінің бөлігіне үстеменің бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      40. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      41. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген қаржыландырулар да субсидиялауға жатады.

      42. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      43. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      44. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      45. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша субсидиялау эмитенттері сыйақы ретінде төлейтін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      46. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыруға шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      47. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарттары жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      48. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      49. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Бағдарлама шеңберінде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Екінші бағыт: экономиканың басым салаларында және өңдеуші өнеркәсіптегі қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

      50. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

      1) банктердің/даму банктерінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) банктер/даму банктерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      4) индустриялық аймақтар құру;

      5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру;

      6) ислам банктерінің кірістері болып табылатын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемдерінің бір бөлігін субсидиялау;

      7) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      8) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.


      51. Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары:

      1) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;

      2) өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және ИИДМБ айқындалған қызметтердің жекелеген түрлерінде меншікті жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.

      Банктер/даму банктерінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      52. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      53. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау. Мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      54. Бұрын банктер/даму банктері/лизингтік компаниялар берген Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) жоба қаржы агенттігінің қарауына шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде субсидияланады.

      55. Банктер/даму банктері/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      56. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша банктердің/даму банктерінің/ кәсіпкерлердің лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

      57. Ішінара кепілдік беру тек жаңа тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша беріледі.

      58. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру қайтарымсыз негізде беріледі.

      59. Кепілдік мөлшері кәсіпкерлік түрі мен жоба шеңберіндегі кредит сомасына байланысты болады.

      60. Ұсынылатын кепілдеме мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      61. Банктердің/даму банктерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдікті қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      62. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

      63. Қаржы агенттігі кредитті мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтаған жағдайда кепілдік сомасын мақсатсыз пайдаланылған сомаға пропорционал кредит сомасына азайту туралы шешім қабылдайды.

      64. Кредит толығымен мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенттігі кепілді тоқтатады.

      65. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша банктердің/даму банктерінің/ кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында регламенттеледі.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

      66. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа жобаларды іске асыруға, жекелеген жобалар үшін (соның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру аясында қолданыстағы өндірістік нысандарды жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының жетіспейтін инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

      67. Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының инфрақұрылымын және индустриялық аймақтарды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      68. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген, экономиканың басым секторларында немесе өңдеуші өнеркәсіп салаларында және ИИДМБ-да анықталған қызметтердің жекелеген түрлерінде қызмет ететін кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      69. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      70. Бөлінген қаражаттар мынадай инфрақұрылымдарды салуға және реконструкциялауға бағытталады: су тарту, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су тартқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбыры, темiржол өткелдерi, темiржол желiлерi, телефон желiлерi, электр қосалқы станциялары, электр тарату желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

      71. Жетіспейтін инфрақұрылымды құру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте ол кәсіпкерлік объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізу үшін қаражат бөлуді көздемейді.

      72. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары құнының 50 %-нан аспауы тиіс.

      73. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10 % мөлшерінде қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

      74. Республикалық бюджеттен құрылыс алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) немесе құрылысқа арналған жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

      75. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды құру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізуге қағидаларында регламенттеледі.

      Индустриялық аймақтарды дамыту

      76. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.

      77. Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:

      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;

      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;

      3) өндіріс тиімділігін арттыру;

      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      78. Индустриялық аймақтар:

      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;

      2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар;

      3) құрылысқа арналған жер учаскелерде, өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.

      79. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      80. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      81. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      82. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауға тиіс.

      83. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі – ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.

      84. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:

      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;

      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;

      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;

      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.

      85. ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады

      86. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

      87. Өнеркәсiптiк аймақтарды құру немесе дамыту жөнiндегi жобаларға жетiспейтiн инфрақұрылымды құрудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетін Бағдарлама шеңберінде өнеркәсiптiк (индустриялық) инфрақұрылымды енгiзу қағидаларында регламенттеледі.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

      88. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге "Қазақстанның даму банкі" АҚ еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" АҚ ұсынады.

      89. Субъект ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг нысанасының жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс.

      90. Лизинг нысанасының құны кемінде 80 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 50 млн. теңге).

      91. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте бюджеттік кредит пен "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ны өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 болуы керек.

      92. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттарда өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі.

      93. Бұл шарттар 2011 – 2012 жылдарға арналған "Өнімділік-2020" бағдарламасы шеңберінде жасалған шарттарға да қатысты.

      94. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі "БРК-Лизинг" АҚ-ға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесін ұсынады.

      95. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін "БРК-Лизинг" АҚ осы Бағдарламаның 88-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келуін тексереді, жобаны ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіппен және мерзімде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүргізеді.

      96. Оң шешім болған жағдайда "БРК-Лизинг" АҚ мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қаржылық лизинг туралы шарт жасасады.

      97. "БРК-Лизинг" АҚ осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы шешім бойынша Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтына және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне хабарлайды.

      98. "БРК-Лизинг" АҚ және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі арасында қаржылық лизинг шарты жасалғаннан кейін

      "БРК-Лизинг" АҚ индустриялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингілеу туралы келісім жасайды. Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингілеу туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингілеу туралы шартқа сәйкес еңбек өнімділігін арттырады.

      Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      99. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      100. Осындай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/ қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      101. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      102. Бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда субсидиялаудың бірінші шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      103. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      104. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      105. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      106. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      107. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы мекемесі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      108. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      109. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерінің төмендеуі

      Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      109-1. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысыныңшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      110. Бағдарламаның үшінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:

      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) тауардың үстеме бағасының бір бөлігі мен ислам банктерінің кірісін құрайтын, жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.

      111. Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында немесе өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және ИИДМБ айқындалған қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметін жүзеге асыратын және кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейін алдыңғы алты ай үшін ақшалай түсімнің жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерінде валюталық түсімге ие болатын кәсіпкерлер болуы мүмкін.

      Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      112. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте қайта жаңарту негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті жаңғырту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде көрсетілуі тиіс.

      113. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда субсидиялаудың бірінші шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      114. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктің/даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      115. Қаржы агенттігі субсидиялар аударған кезде оң бағамдағы айырма пайда болған жағдайда, қаражат қалдығы болашақ субсидиялар шотына есепке алынады, ал теріс бағамдағы айырма кезінде – кәсіпкерге жүктеледі.

      116. Субсидиялар сомасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен қаржы агенттігі төлейді.

      117. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылык лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      118. Ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын тауардың үстеме бағасының және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қайта жаңғыртылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландыру бойынша субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейту үшін қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыруды жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің шешімінде белгіленуі керек.

      119. Осындай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және ИИДМБ айқындалған қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау да кредиттер/қаржылық лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      120. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі субсидиялаудың алғашқы шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      121. Бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      122. Ислам банктерінің қолданыстағы қаржыландыруы бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін субсидиялау ұлттық және шетелдік валютада және исламдық лизингтік компанияларда ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      123. Субсидиялар сомаларын субсидиялау сомаларын аударған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен қаржы агенттігі төлейді.

      124. Қаржы агенттігі субсидиялар аударған кезде оң бағамдағы айырма пайда болған жағдайда, қаражат қалдығы болашақ субсидиялар шотына есепке алынады, ал теріс бағамдағы айырма кезінде – кәсіпкерге жүктеледі.

      125. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауар бағасының бір бөлігін және жалға беру төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      126. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары

      127. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыреттерін дамыту;

      3) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту функционалдық бағыттары бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдауды көздейді.

      128. Осы бағыттардың шеңберінде мынадай қаржылай емес қолдау құралдарын ұсыну көзделеді:

      1) "кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты бойынша:

      "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;

      2) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыреттерін дамыту функционалдық бағыты бойынша:

      кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;

      кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;

      жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;

      рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;

      3) кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру функционалдық бағыты бойынша:

      басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін және энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту;

      кәсіпорындарды технологиялық дамыту;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.

      129. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру мынадай: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне "бір терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету мен оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттары сақталған жағдайда кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде жүзеге асырылады.

      130. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:

      1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;

      2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;

      3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;

      4) бизнес-инкубаторлар кіреді.

      131. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) – бұл жергілікті бюджет қаражаты болған кезде кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанынан құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанынан, жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.

      132. КҚКО көрсетілетін қызметтері кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа, оның ішінде онлайн режимде ұсынылады.

      133. КҚКО құрудың мақсаты:

      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы онлайн режимде ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;

      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.

      134. КҚКО функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

      3) кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;

      4) кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

      135. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы КҚКО-ны – қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      136. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі – КҚО) – базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.

      137. КҚО құру мақсаттары:

      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтары арқылы онлайн режимде ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;

      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.

      138. КҚО көрсетілетін қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа, оның ішінде онлайн режимде өтеусіз негізде ұсынылады.

      139. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанынан, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.

      140. ҚҚО функциялары:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне "бір терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын көрсету;

      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;

      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;

      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;

      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.

      141. КҚО-ның жұмыс істеуіне және дамуына арналған шығыстарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      142. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа үзіліссіз КҚО қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      143. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтелетін қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтелетін қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      144. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі – КҚҰО) – бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.

      145. КҚҰО құру мақсаттары:

      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;

      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;

      3) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына КҚҰО қызметтерін өтеусіз негізде ұсыну.

      146. КҚҰО функциялары:

      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;

      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;

      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;

      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыттары бойынша қатысуға өтінімдер жинау;

      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.

      147. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      148. Бизнес-инкубатор өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді көрсету арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастыру кезеңінде қолдау көрсету үшін құрылған заңды тұлға болып табылады.

      149. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:

      1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.

      150. Бизнес-инкубациялау – бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.

      151. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:

      1) бизнес-инкубациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

      2) бизнес-инкубатор қызметі шеңберінде одан әрі сүйемелдеу үшін жобаларды іздестіруді және іріктеуді жүзеге асыру;

      3) әлеуетті бизнес-инкубатор резиденттерімен ынтымақтастық туралы келісімдер және/немесе бизнес-инкубациялау бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу;

      4) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды әкімшілік, консалтингтік және әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      5) бизнес-инкубатор резиденттерінің қаржыландыруды, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары арқылы алуына өтінімдерін қалыптастыруға жәрдем көрсету;

      6) бизнес-инкубатор резиденттерінің ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      7) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды және форумдарды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру;

      8) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеуге және команда қалыптастыруға жәрдемдесу;

      9) әкімшілік және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау қызметтерін ұсыну;

      10) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру;

      11) кейіннен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті нарығына шығу үшін бизнес-инкубаторлар резиденттерінің бизнес-жобаларын акселерациялау;

      12) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес жобаларын коммерциялық тартымдылығын айқындау тұрғысынан диагностикалау және қаржылық модельдеу.

      152. Шағын кәсіпкерлік субъектісін бизнес-инкубаторға орналастыру мерзімі оның бизнес-инкубатор резиденті болып айқындалған күнінен бастап үш жылдан аспауға тиіс.

      153. Бағдарламаны іске асыруға қатысуға үміткер бизнес-инкубаторларға қойылатын талаптар:

      1) бизнес-инкубатор резиденттерін орналастыруға сәйкес келетін, ауданы кемінде 250 ш.м. әкімшілік үй-жайлардың болуы;

      2) білікті кадрлардың болуы;

      3) мемлекеттің қолдауынсыз кемінде 6 ай толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қаржылық ауқаттылық;

      4) жоғары оқу орындарымен стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдермен расталған әріптестік қатынастардың болуы.

      154. Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау тәртібін кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты

      "Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру" құралы

      155. "Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру" құралы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын бұқара халыққа түсіндіру:

      1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;

      2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларын танымал етуді;

      3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіруді;

      4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттауды білдіреді.

      156. "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру" құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

     

 


157. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу:

      1) БАҚ-та мемлекеттік қолдау шараларын жария етуді;

      2) мемлекеттік қолдау шараларының шарттары мен тетіктері бойынша баспа өнімін әзірлеуді және оның таралымын көбейтуді;

      3) ақпараттық іс-шаралар (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) өткізуді;

      4) ағымдағы жағдайға кешенді жалпы республикалық талдау мен өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін, жеке-жеке Қазақстанның әрбір өңірінің ШОК секторының шолуын, ШОК субъектілерін қаржылық және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстандағы және оның өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы есепті жыл сайын шығаруды қоса алғанда, ШОК секторы бойынша тұрақты есептер әзірлеуді;

      5) ШОК-тың, микроқаржы секторының дамуы, республикалық және өңірлік деңгейдегі макро- және микроэкономикалық процестер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы өзекті статистикалық ақпарат беру жөніндегі интерактивті ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.

      158. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің сәтті үлгілері мен сәтті жобаларын көпшілікке танымал ету:

      1) іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыру;

      2) Бағдарламаға қатысушылар туралы әңгімелер ("Жетістіктер тарихтары") әзірлеу және БАҚ-та орналастыру;

      3) өңірлік және республикалық телеарналарда "Арнайы репортаж" жанрында хабарлар циклін әзірлеу және шығару;

      4) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама туралы немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізу арқылы іске асырылатын болады.

      159. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы және реттеуді түсіндіру:

      1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама және реттеу мәселелеріне мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып дайындалған кәсіпкерлерге арналған кәсіпкерлік қызметтің негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың таралымын көбейтуді және таратуды;

      2) жаднамалар, түсіндіру сипатындағы материалдар әзірлеуді;

      3) телевизияда арнайы хабарлар шығаруды немесе оларға қатысуды көздейді.

      160. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:

      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

      2) "Жылдың үздік кәсіпкері" конкурсын ұйымдастыруды және өткізуді;

      3) жастар жобаларының көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді;

      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;

      5) қолданыстағы "Бизнес аумағы" бизнес-порталы базасында "Жас іскер" жастар кәсіпкерлігіне арналған бөлімді орналастыруды, оның ішінде оны үнемі жаңартып отыруды;

      6) жас/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жетекшілік етуге әзір бизнес-тәлімгерлерді тарту үшін "Бизнес аумағы" бизнес-порталы базасында веб-алаңдар құруды;

      7) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.

      161. "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру" құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарын түсіндіру сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы жасаған Бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру" құралы

      162. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру" құралы халықаралық ынтымақтастыққа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығына өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде филиалдық желі ашу мен кеңейтуге, шикізат пен материалдарды, жинақтаушыларды, технологияларды сатып алуға бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

      163. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру" құралы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласындағы заңнамасын түсіндіру:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал етуді;

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттауды білдіреді.

      164. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру" құралын қаржыландыру тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      165. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы мен реттеу мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік, мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлік қызметті қолдау шаралары саласында дайындалған ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді, олардың таралымын көбейтуді және таратуды;

      2) ақпараттық іс-шараларды (форумдар, конференциялар, сессиялар, семинарлар, кеңестер және т.б.) жүргізуді;

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және осал тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды;

      4) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсынудың шарттарын, мемлекеттік сатып алуға қатысу заңнамасы мен қағидаларын түсіндіру үшін оператордың Call-орталығы қызметін ұйымдастыруды көздейді.

      166. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің сәтті үлгілерін танымал ету:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында іске асырылған жобалардың сәтті үлгілері бойынша баспасөз-турларын ұйымдастыруды;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында жұмыс істейтін табысты қазақстандық кәсіпкерлер туралы әңгімелер ("Жетістіктер тарихтары") әзірлеуді және БАҚ-та орналастыруды;

      3) БАҚ өкілдері арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға арналған конкурс өткізуді көздейді.

      167. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау:

      1) сарапшылардың, кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандардың қатысуымен телехабарлар серияларын ұйымдастыруды;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бизнес ашуға бағдарланған кәсіпкерлер үшін ашық дәрістер, мастер-кластар өткізуді;

      3) әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар, форумдарда тармақтар, интернет-блогтар, сайттарда-бейне-хостингтерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлікке арналған арналар құруды және жүргізуді көздейді.

      168. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру" құралы бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну шарттарын түсіндіру қаржылай емес қолдау операторы құрған Мемлекеттік бағдарламаның бірыңғай Call-орталығы базасында да жүзеге асырылады.

      "Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің құзыретін дамыту" функционалдық бағыты

      169. "Кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту" құралы мынадай құрамдауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) "Жас кәсіпкер мектебі";

      2) "Бизнес-мектеп".

      170. "Жас кәсіпкер мектебі" құрамдауышы (бұдан әрі – "ЖКМ" жобасы) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге, жас адамдарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

      171. Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары "ЖКМ" жобасының тыңдаушылары бола алады.

      172. "ЖКМ" жобасы:

      1) жастарды кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне оқытуды;

      2) бизнес-жоспарларды дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;

      3) "ЖКМ" жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастыруды;

      4) "ЖКМ" жобасы тыңдаушыларының неғұрлым сәтті бизнес-жобаларын таныстырумен өңірлерде "Идеялар жәрмеңкесі" конкурсын ұйымдастыруды;

      5) үздік бизнес-жобаларға – "Идеялар жәрмеңкесі" конкурсының жеңімпаздарына қаржыландыру алуға жәрдемдесуді көздейді.

      173. Оқыту процесінде "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік қызметті жүргізу мен бизнес-жоспарды дайындау негіздері бойынша оқу-әдістемелік материалдар, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары ұсынылады. Бұл материалдар қағаз және/немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

      174. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту және оқу-әдістемелік материалдарды, шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтарын ұсыну қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады.

      175. "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларын оқыту КҚКО-да жүзеге асырылады. Оқыту қорытындылары бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған жағдайда, "ЖКМ" жобасының тыңдаушыларына "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.

      176. "ЖКМ" жобасы бойынша оқытудан өткені туралы сертификаттың болуы Бағдарлама шеңберінде гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға құқық береді.

      177. "ЖКМ" жобасын қаржыландыру қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      178. "Бизнес-мектеп" құрамдауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға, оның ішінде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

      179. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында "Бизнес-мектеп" құрамдауышының қызметтері КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да ұсынылады.

      180. "Бизнес-мектеп" құрамдауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:

      1) "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды;

      2) "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды;

      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді.

      181. Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты топтамалары, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.

      182. "Бизнес-мектеп" құрамдауышының жобалары бойынша білім алуға өтінімдерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық КҚКО, КҚО мен оператордың КҚҰО береді.

      183. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде "Бизнес-мектеп" құрамдауышы шеңберінде білім беру жобаларын өткізуге жарамды қажетті үй-жайларды ұсынады.

      184. "Бизнес-Кеңесші" жобасын іске асыру тетігі:

      1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады;

      2) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін оқыту өткізілетін күн мен орынды, оның кезеңі мен өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

      3) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;

      4) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі;

      5) "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша оқыту күнтізбелік екі күн ішінде жүзеге асырылады.

      185. "Бизнес-Өсу" жобасын іске асыру тетігі:

      1) оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады;

      2) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тақырыптар тізбесін айқындау тұрғысынан сауалнама жүргізуді жүзеге асырады;

      3) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізу нәтижелерін ескере отырып, тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-күніне дейін тақырыптарды, өткізу күнін және орнын, оның кезеңін және өтінімдерді беру мерзімін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

      4) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері негізінде ай сайын, есепті айдың 5-күніне дейін тыңдаушылардың тізімдерін қалыптастырады;

      5) оқытудан өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша курстардан өткені туралы сертификат тапсырылады;

      6) "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады.

      186. Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды іске асыру тетігі:

      1) оқыту моноқалалардың, шағын қалалар мен аудан орталықтарының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарына өтеусіз негізде ұсынылады;

      2) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын, қаңтардың 20-күніне дейінгі мерзімде өңірлік мамандану мен жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективаларына байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалардың тізбесін айқындайды;

      3) қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жобалардың тізбесін, оқытуды өткізу күні мен орнын, оның кезеңін және өтінімдер беру мерзімін көрсете отырып, оқытуды өткізу кестесін жасайды, жасалғаннан кейін ол 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та орналастырылуға тиіс;

      4) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық өтінімдерінің негізінде тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс әр жоба бойынша тыңдаушылар тобын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      5) қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобалар бойынша тәлімгерлік қызметтер көрсету үшін жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ тәлім беру тәжірибесі бар мамандарды, консультанттарды тартады;

      6) қаржылай емес қолдау операторы оқытуды өткізуді бастағанға дейін тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға қарай қалыптастырылған тыңдаушылардың әр тобы бойынша тәлімгерлердің болуын қамтамасыз етеді;

      7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тәлімгерлік қызметтер көрсететін тәлімгерлер оқыту кезеңі ішінде дәрістер мен семинарлар өткізеді, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді, жобаның өзгешелігі мен ерекшеліктеріне оқытады, тыңдаушылардың оны іске асыруын қамтамасыз етеді;

      8) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқыту тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытылуға тиіс жобаға қарай үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады.

      187. "Бизнес-мектеп" құрамдауышын қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      188. Қаржылай емес қолдау операторы "Бизнес-мектеп" жобасы шеңберінде қаржы жылының 12 айы ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты үздіксіз оқытуды қамтамасыз етеді.

      "Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру" құралы

      "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы

      "Кәсіпорынның құзыретін арттыру" құрамдауышы

      189. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы "Назарбаев Университеті" ДБҰ базасында оқыту есебінен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

      190. Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышының қатысушылары бола алады.

      191. Құрамдауыштың қатысушыларын оқыту жөніндегі шығыстарды төлеу уәкілетті орган мен "Назарбаев Университеті" ДБҰ арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрамдауыш қатысушылары оқыту орнына дейін және кері қайту жолақысын, сондай-ақ тұруын өздері төлейді.

      192. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту тетігі:

      1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталуы туралы хабардар етеді;

      2) өтінім беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді, бұл ретте өтінім беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      3) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға жібереді.

      Қаржы агенттігі "Назарбаев Университеті" ДБҰ-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметіне кейін мониторингілеу жүргізеді.

      193. "Кәсіпорынның құзыретін арттыру" құрамдауышы:

      еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологиясы элементтерін енгізу мәселелері бойынша инженерлі-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді дайындауға және/немесе қайта дайындауға және/немесе олардың біліктілігін арттыруға;

      шетелдік сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік тәжірибені енгізуге бағытталған.

      194. "Кәсіпорынның құзыретін арттыру" құрамдауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтерге жұмсалған шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      195. "Кәсіпорынның құзыретін арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртібі мен түрлері индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалады.

      "Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы

      196. "Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және КҚКО, КҚО және КҚҰО-да бизнес-процестерді қолдау жөніндегі мынадай мамандандырылған қызметтерді ұсынуды қамтиды:

      1. Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер, олар мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қамтиды:

      1) салық салу және салықтық әкімшілендіру;

      2) салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;

      3) бастапқы құжаттарды өңдеу, салықты және бюджетке өзге де аударымдарды есептеу;

      4) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;

      5) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      6) "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс;

      7) салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;

      8) бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;

      9) электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.

      2. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер:

      1) кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;

      2) тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды анықтау және түзету, кедендік декларацияны толтыру жөніндегі консультациялар;

      3) нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі консультациялар;

      4) сыртқы экономикалық қызметті құжатпен сүйемелдеу;

      5) сыртқы экономикалық қызметке арналған лицензиялар, рұқсаттар алу жөніндегі консультациялар;

      6) Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау жөніндегі консультациялар;

      7) сыртқы сауда келісімшартының талаптары жөніндегі консультациялық қызметтер.

      3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:

      1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;

      2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;

      3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.

      4. Мыналарды қоса алғанда, заңгерлік қызметтер көрсету:

      1) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;

      2) кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау;

      3) шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша консультациялар;

      4) шарттардың жобаларын әзірлеу;

      5) азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультациялар;

      6) құжат айналымын жүргізу бойынша консультациялар;

      7) ұсынымдар бере отырып, құжат айналымының аудиті;

      8) бизнес-жоспардан басқа, кредиттеуге арналған құжаттар топтамасын дайындау бойынша консультациялар;

      9) бизнес-жоспардан басқа, кредиттеуге арналған құжаттар топтамасын дайындау;

      10) кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультациялар;

      11) ұсынымдар бере отырып, кадрлық құжаттама аудиті;

      12) құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруге байланысты консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      5. Мыналарды қоса алғанда, маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

      1) құн саясатын әзірлеу бойынша консультациялар;

      2) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, нақты тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша құн саясатын әзірлеу;

      3) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау бойынша консультациялар;

      4) бизнес-жоспар әзірлеу және екінші деңгейдегі банктерде қарауға дайындау;

      5) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультациялар;

      6) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;

      7) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша консультациялар;

      8) кәсіпорынның (жеке кәсіпкерлердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;

      9) тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу бойынша консультациялар;

      10) ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып, тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс типтерін зерделеу;

      11) бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар;

      12) ұқсас тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуының қорытындылары мен жоспарларын талдауды есепке ала отырып, бәсекелес ортаны талдау;

      13) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу бойынша консультациялар;

      14) тауар таңбасын, жарнамалық науқанды әзірлеу.

      6. Мыналарды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:

      1) интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;

      2) кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) визитка-сайтын құру;

      3) интернетте бизнес құру және жүргізу;

      4) есептерді электрондық тапсыру бағдарламасын орнату және қолдау;

      5) "1 С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау.

      7. Мыналарды қамтитын мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты көрсетілетін қызметтер:

      1) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;

      2) конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер сараптамасын (аудитін) жүргізу;

      3) Қазақстанның сатып алу бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет көзіне қосылу;

      4) мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан кәсіпорын/жеке кәсіпкер құжаттамасының сараптамасы (аудиті);

      5) сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау;

      6) қазақстандық қамтуды есептеу;

      7) жылдық сатып алу жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.

      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:

      1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау бойынша;

      2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;

      3) МЖӘ шартын дайындау және жасау бойынша;

      4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультациялар.

      197. "Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

      198. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету КҚКО мен КҚО-да, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерінің жинақталу шамасына қарай КҚҰО арқылы ауылдық елді мекендерге бару жолымен жүзеге асырылады.

      199. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі:

      1) уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты жасалады;

      2) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартына қол қою жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      3) қаржылай емес қолдау операторы өңірдің кәсіпкерлерін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетудің басталуы мен орны туралы хабардар етуді ай сайын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізеді.

      200. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының шеңберінде:

      1) қаржылай емес қолдау операторы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартында көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есепті жібереді;

      2) қаржылай емес қолдау операторы есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, құралдың іске асырылу мониторингін жүргізу мақсатында құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;

      3) қаржы агенттігі кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес құралдың іске асырылу барысы туралы мониторингті жүзеге асырады.

      201. Әдістемені қаржылай емес қолдау операторымен келісу бойынша қаржы агенттігі әзірлейді және ол уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

      Қаржы агенттігі есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын уәкілетті органға әдістемеде көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуының мониторингі туралы есепті жолдайды.

      202. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылындағы 12 ай бойы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті жүргізуге үздіксіз сервистік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      "Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру" құралы

      203. "Рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша консультациялар беру" құралы рұқсат құжатын немесе техникалық шартты алғысы келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

      204. Осы құралды іске асыру мақсатында қаржылай емес қолдау операторы әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық әзірлейді, онда рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алуға қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі, оларды беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен ұйым туралы ақпарат, рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілу орны мен уақыты, сондай-ақ рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды алу бойынша қадамдық ұсынымдар көзделеді.

      205. Әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалық рұқсат құжаттары мен техникалық шарттардың берілуін регламенттейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып тұруға тиіс.

      206. Консультациялар әрбір рұқсат құжаты мен техникалық шарт бойынша анықтамалықтардың мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, олар консультация берілгеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде табысталады.

      207. Құралды іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      "Кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру" функционалдық бағыты

      208. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін және энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту" құралы мынадай құрамдауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) "Алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын сырттан консультанттар тарту жолымен бірлесіп қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы)";

      2) "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту".

      209. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына сыртқы консультанттар жүзеге асыратын консультациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және нарықты дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде, моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуеті жоғары, Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

      210. Еуропа қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының операторы болып табылады.

      211. Базалық және қосымша өлшемшарттарға сай келетін кәсіпорындар Бағдарламаға қатысушы бола алады.

      212. Іріктеудің базалық өлшемшарттары:

      1) қатысушылар – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

      2) меншік нысаны – бақылау пакеті Қазақстан Республикасының азаматтарында болатын жеке кәсіпорын (капиталдағы шетелдік қатысу 49 %-дан аспайды);

      3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторларындағы, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларындағы және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріндегі, моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектелмейтін қызмет;

      4) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе – өтінім берген кезде 2 (екі) жыл;

      5) Бағдарламаға қатысуға арналған өтінім құжаттамасының толық топтамасы – ЕҚДБ стандартты нысанына сай толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері.

      213. Іріктеудің қосымша өлшемшарттары (осы өлшемшарттарға сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін, ЕҚДБ жергілікті мамандарының тобы бағалайды):

      1) өміршеңдік – көрнекі бәсекелік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (оң жалпы кіріс), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы; ЕҚДБ банкроттыққа жақын күйдегі жағдайдағы немесе толық қайта құрылымдауды қажет ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;

      2) басшылық тарапынан қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшысы сенімге әрі жоғары бедеге ие болуға тиіс;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға шынайы қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесі аз болса немесе мұндай тәжірибесі болмаса, көрсетілетін қолдауды қолдана білу қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;

      5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорын жобаны іске асырудың жалпы құнының 25 – 75 %-ын төлеуге әзір болуға және мұндай мүмкіндігі болуға тиіс.

      214. ЕҚДБ біліктілік алдында іріктеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға жауап беретін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілердің дерекқорын жүргізеді.

      215. Консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін олардың біліктілігінің болуына бағалаудан өтеді:

      1) жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оны мемлекеттік тізілімде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), егер жарамды болса, кемінде алдыңғы өткен екі жылда жылдық қаржылық есептілік (пайдалар мен залалдар туралы есеп, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп, теңгерім), консультациялық көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөліп көрсетілген төлем мөлшерлемелерін компанияның/дара консультанттың мамандануын сипаттау;

      2) клиентпен жұмыс және ұсынымдар – пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2-3 жылда іске асырылған жобалардың сипаты (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);

      3) кадрлармен жасақталу – барлық консультанттармен сұхбаттасу және олардың түйіндемелерін алу.

      216. Кәсіпорын қажеттіліктері айқындалғаннан және белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін жобаны орындау үшін Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға сай келетін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұраныс жасауға болады. Консультантты түпкілікті таңдау құқығы кәсіпорынның өзінде болады. Бірінші жоба сәтті іске асырылмайынша, консультанттардың басқа жобаларды қатар орындауына тыйым салынады.

 

     

      217. Қолдау көрсетілетін жобалар КҚО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтырып отырады. Олар басқаларымен қатар консультациялық көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін қамтуы мүмкін:

      1) стратегиялық менеджмент:

      стратегиялық жоспарлау

      бизнес-жоспарлау

      техникалық және қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеу

      қаржылық талдау және жоспарлау

      әріптестерді іздеу

      2) маркетинг-менеджмент:

      сатылымдарды басқару

      маркетингтік зерттеулер

      маркетингтік стратегия әзірлеу

      брендинг және ілгерілету

      электронды маркетинг

      3) ұйымдық менеджмент:

      ұйымдық даму

      адами ресурстарды басқару

      4) операциялық менеджмент:

      бизнес-процестердің реинжинирингі

      жеткізу тізбектерін басқару

      5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

      салалық автоматтандыру жүйелері

      құжат айналымын автоматтандыру жүйелері

      ІТ-инфрақұрылым

      өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері

      менеджменттің корпоративтік ақпараттық жүйелері

      6) инженерлік-конструкторлық әзірлемелер:

      өндірістік желілерді оңтайландыру

      сәулеттік жоспарлау/дизайн

      инфрақұрылым мен коммуналдық желілерді жоспарлау

      7) сапа менеджменті:

      сапа менеджменті жүйелерін енгізу

      тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесін енгізу

      өндірістегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу

      өнім қауіпсіздігі жүйелерін енгізу

      8) энергия және ресурс тиімділігі:

      энергия аудиті, сертификаттау және рейтингтер беру

      энергия менеджменті жүйелерін енгізу

      энергия тиімділігі саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу

      жаңартылатын энергия көздерін енгізу

      9) экологиялық менеджмент:

      экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау

      экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу

      экология саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу

      10) есеп және қаржылық есептілік:

      қаржылық басқару және есепке алу жүйелерін енгізу

      аудиттелетін қаржылық есептілікті дайындау үшін қаржылық ақпаратты қайта өңдеу

      кәсіпорынды басқару және есептілікті жүргізу үшін талап етілетін қаржылық ақпаратты жетілдіру үшін есепке алу саясатын іске асыру саласындағы консультациялар

      ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептілікті жетілдіру.

      218. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мерзімі жобаның мазмұнына қарай, алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейін болады.

      219. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

      1) ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының әр өңірінде кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу өлшемшарттары туралы ақпарат пен өтінім топтамасына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауға жәрдем көрсетеді;

      2) өтінім беруші Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;

      3) кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін оның өміршеңдігін, қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсіпорынға барады;

      4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтінім берушілердің жиынтық тізбесін жасайды және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында ұсынады;

      5) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

      6) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

      7) өтінім беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

      8) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, белгіленген нысан бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, ол ЕҚДБ тарапынан келісілуге және бекітілуге тиіс;

      9) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері бойынша шешім қабылдайды;

      10) кәсіпорын мен консалтингтік компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      11) ЕҚДБ мен кәсіпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады.

      220. ЕҚДБ жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

      221. Жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді.

      222. Кәсіпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы төлейді.

      223. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жоба сәтті аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсіпорынның консультантқа жобаның құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес грант төлейді.

      224. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорын жұмысының тиімділігіне әсерін бағалау үшін барып, жобаға қорытынды баға береді.

      225. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға құрамдауыштың іске асырылу барысы туралы есеп береді.

      "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту" құрамдауышы

      226. Қазақстан аумағында "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту құрамдауышын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қаржылай емес қолдау операторы сарапшыларды тарту және/немесе ХШҰ-ның жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырады.

      227. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту" құрамдауышын іске асырудың шарттары:

      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрамдауыштың қатысушылары бола алады;

      2) құрамдауыш бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады;

      3) шетелдік сарапшылардың ұшуы және көрсетілетін қызметтері бойынша шығыстарды төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      4) шетелдік сарапшылардың көліктік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      228. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту" құрамдауышын іске асырудың тетігі:

      1) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісімен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін құрамдауышты іске асыру шарттары туралы тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;

      2) өтінім беруші шетелдік мамандарды тартуға өтінімді қаржылай емес қолдау операторына береді;

      3) қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы өтінімдерді қарап, өтінім білдірушінің Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан іріктеу жүргізеді (іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға келісуге жолдайды);

      4) шетелдік мамандарды тарту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторына қатысушылардың келісілген тізімін жолдайды;

      5) қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-ның жәрдемдесуімен, шетелдік мамандарды тартуды қамтамасыз етеді;

      6) шетелдік мамандардың әрбір миссиясы аяқталған соң ХШҰ және/ немесе сарапшылар қаржылай емес қолдау операторына жұмыс нәтижелері туралы есеп жолдайды.

      229. Құрамдауышты іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті келісім жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      230. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы ішінде басқарудың жаңа әдістерін, өндірістік технологияларды, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      231. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында көрсетілетін қызметтерді өтеулі көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен "Аға сеньорлар" құрамдауышының көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылында өтеулі қызмет көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде өтейді.

      "Кәсіпорындарды технологиялық дамыту" құралы мынадай құрамдауыштарды іске асыруды көздейді:

      1) "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау";

      2) "Технологиялық процестерді жетілдіру";

      3) "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру";

      4) "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау".

      232. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы:

      "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" бөлімі шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге;

      Индустрияландыру картасы немесе Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған.

      233. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтердің шығындарын өтеу жүзеге асырылады.

      234. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртібі мен түрлері индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді.

      235. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы:

      1) кәсіпорынның жалпы жұмыс істеуін оңтайландыруға;

      2) өнеркәсіптік дизайнды әзірлеуге;

      3) инженерлік ой мен шешімді дайындауға, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіруге және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындауға;

      4) өнімдерді өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға бағытталған.

      236. "Технологиялық процестерді жетілдіру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртібі мен түрлері индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді.

      237. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің өсуін ынталандыруға бағытталған.

      238. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      239. "Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру" құрамдауышы бойынша шығындардың шарттары, тәртібі мен түрлері индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді.

      240. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышы халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға бағытталған.

      241. Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.

      "Кәсіпорындарды технологиялық дамыту" құралы "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышын іске асыруды көздейді.

      "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышы

      242. "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау" құрамдауышы.

      Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді ілгерілету жөніндегі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.

      "Іскерлік байланыстарды кеңейту: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату" функционалдық бағыты

      243. "Іскерлік байланыстар" құралы Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ХШҰ-ның қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.

      "Іскерлік байланыстар" құралы

      244. "Іскерлік байланыстар" құралы Бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.

      245. "Іскерлік байланыстар" құралы екі кезеңнен тұрады.

      246. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, маркетингті, бизнес-әріптестермен іскерлік байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберінде өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру жүргізіледі. Оқыту процесінде құралға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарларын әзірлейді.

      247. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін берілген консультацияларға сәйкес құралға қатысушылар бизнес-жоспарларды өз бетінше пысықтайды және кейіннен "Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату" құралының екінші кезеңіне конкурстық іріктеуге қатыса алады.

      248. Екінші кезең құралға қатысушылар үшін шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейді, ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және шетелдік әріптестерімен мынадай мәселелер бойынша іскерлік қатынастар орнатуды қамтиды:

      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;

      3) франшизаларды сатып алу;

      4) халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;

      5) бірлескен кәсіпорындар құру.

      249. Шетелде өткен бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстанға келген кезден бастап 2 айдың ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға бизнес-тағылымдаманың нәтижелері мен жеке бизнесін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы есептік ақпарат ұсынады.

      250. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға жәрдемдесуді ХШҰ құрал қатысушыларының қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып көрсетеді.

      251. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХШҰ арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      252. Құралдың іс-шараларын қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап Қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланысты емес гранттары қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Құралдың қатысушылары көліктік шығыстарды және Қазақстан Республикасының аумағында тұруды өзі төлейді.

      253. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 айы ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен шағын және орта бизнес субъектілеріне үздіксіз қолдау көрсетеді.

      254. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалған қызметтерді өтеулі көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен "Іскерлік байланыстар" құралының қызметтерін ағымдағы қаржы жылына өтеулі қызмет көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде уәкілетті орган өтейді.

      255. "Іскерлік байланыстар" құралының бірінші кезеңін іске асыру тетігі:

      1) қаржылай емес қолдау операторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру мекемесін анықтайды және онымен бизнес-тренингтер өткізуге және шет елдерде тағылымдама ұйымдастыруға жәрдемдесуге шарт жасасады;

      2) қаржылай емес қолдау операторы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісімен бірлесіп тікелей және/немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Бағдарламаға әлеуетті қатысушыларды құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабардар етеді;

      3) өтінім беруші жобаға қатысуға өтінімді қаржылай емес қолдау операторына береді және құралды іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимыл жүргізуге қажетті, коммерциялық құпия болып табылмайтын барлық мәліметтер мен деректерді беретіні туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды;

      4) қаржылай емес қолдау операторы күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінімдерді қарап, өтінімдерге іріктеу жасайды және құрал шарттарына сәйкес келетін өтінім берушілерге оқуға жолдама береді (іріктеп алынған өтінімдердің ішінен қаржы агенттігі, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторы жиынтық өтінім қалыптастырады, оны салалар бойынша топтастырып, бизнес-тренингтер және кейіннен тақырыптық бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру жөніндегі ұсыныспен бірге уәкілетті органға келісуге жолдайды);

      5) уәкілетті орган күнтізбелік 5 (күн) ішінде құралға қатысушылардың мақұлданған тізімдерін бизнес-тренингтерді дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу үшін қаржы агенттігіне, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторына жолдайды;

      6) білім беру мекемесі оқу бағдарламасын әзірлеп, оны қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторымен келіседі;

      7) қаржылай емес қолдау операторы оқу бағдарламасын уәкілетті органға келісу үшін жолдайды;

      8) уәкілетті орган оқу бағдарламасын бекіткеннен кейін білім беру мекемесі құралға қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады;

      9) білім беру мекемесі бизнес-тренингтер өткізуге осы салаларда тиісті біліктілігі бар шетелдік және отандық оқыту орталықтарын, консалтингтік компанияларды, бизнес-жаттықтырушылар мен сарапшыларды тартады;

      10) бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін құралдың екінші кезеңіне қатысуға ниет білдірген құралға қатысушылар өз бизнес-жоспарларын тікелей кәсіпорында пысықтайды және пысықталған бизнес-жоспарларын білім беру мекемесіне ұсынады;

      11) білім беру мекемесі қаржы агенттігімен, ал 2016 жылдан бастап қаржылай емес қолдау операторымен бірлесіп, құралға қатысушылардың бизнес-жоспарларын қорғауды ұйымдастырады;

      12) құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы шеңберінде оқытудан өткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де өтінім бере алады.

      256. "Іскерлік байланыстар" құралының екінші кезеңін іске асыру тетігі:

      1) ХШҰ қаржылай емес қолдау операторымен және білім беру мекемесімен бірлесіп, құралдың бірінші кезеңі шеңберінде әзірленген, ұсынылған үздік бизнес-жоспарларға іріктеу жүргізеді және құралдың екінші кезеңіне қатысу үшін қатысушылар тізбесін уәкілетті органға енгізеді;

      2) ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес-кәсіпорындар іздеуді жүзеге асырады және құралға қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді;

      3) тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушылар өздері алған білімді, тәжірибе мен технологияларды есепке ала отырып, Кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды;

      4) қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушы-кәсіпорындардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      Макроөңірлер аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын ірі бизнес айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

      Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларын іске асыруы ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.

      257. Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен мыналарды:

      1) кредиттер бойынша субсидиялау мен кепілдік беруді;

      2) инфрақұрылым жеткізуді;

      3) "Бизнес-Кеңесші" жобасын;

      4) "Бизнес-Өсу" жобасын;

      5) "ШОБ топ-менеджментін оқыту" құрамдауышын;

      6) бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды;

      7) "Іскерлік байланыс" жобасы шеңберінде квоталар беруді қамтитын құралдар топтамасы ұсынылатын болады.

      258. Әріптестік бағдарламаларды іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:

      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуден, кәсіпорындар шығаратын өнімдерді ірі кәсіпорындарда сұранысқа ие өнімдер тізбесіне қосудан;

      2) "келесі өңдеуді" дамыту үшін шикізатқа арналған квоталарды ұсынудан;

      3) қызметтің баламалы түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдаудан тұрады.

      Халықаралық ұйымдар мыналарға:

      1) технологияларды тартуға және жабдықтарды сатып алуға;

      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;

      3) консультациялар үшін тікелей кәсіпорындарға шетелдік біліктілігі жоғары мамандарды тартуға жәрдем көрсететін болады.

      259. Әріптестік бағдарламаларын іске асыру тетігі:

      1) ірі компаниялармен әріптестік бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, "Даму" КДҚ" АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;

      3) кәсіпкерлерді қоғамдық ұйымдарға біріктіру;

      4) ірі компаниямен бірге жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты адамдарды және өзара іс-қимыл форматын айқындау;

      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін жасау және жүргізу және оларды өнімдердің түрлері бойынша бөлу;

      6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, "Даму" КДҚ" АҚ-ның қатысуымен ШОБ субъектілерімен мерзімді кеңестерін өткізу;

      7) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдап алынған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; кәсіпкерлерге қызметтің жаңа түрін дұрыс жолға қою, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті ұйымдастыру мен өткізу мәселелері және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек ұсыну;

      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу;

      9) қаржыландыруды ұсыну, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.

      260. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" (бұдан әрі – ӘКК) әріптестік бағдарламаларды іске асыру операторы болып табылады.

      Оператордың функцияларына:

      1) әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;

      2) әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру;

      3) жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін ірі компаниялармен бірге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

      4) жергілікті ШОБ субъектілерінің – бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың тізілімін жасау және оны жүргізу;

      5) ШОБ мүдделі компанияларының қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу;

      6) кәсіпкерлерге мамандандырылған семинарлар мен тренингтер, басқа да мәселелер бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыру;

      7) бағдарламаға қатысушыларға жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға жәрдемдесу жатады.

      261. Әріптестік бағдарламаларды іске асыру бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтердің ақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

      Онлайн режимде қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну

      262. Шағын және орта бизнес субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық қаржылай емес қолдау шараларын - моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ала алады.

      263. Қаржылай емес қолдау шараларын онлайн режимде ұсыну мақсатында қаржылай емес қолдау операторының орталық аппаратының жанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталықтары құрылады.

      Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы (ӨҚКАБО) – бұл онлайн режимде оқытуды жүзеге асыруға, ақпараттық қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа консультациялық қызмет көрсетуге арналған техникалық жүйеге біріктірілген техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өніммен жарақталған мамандардың жеке жұмысына арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындарының кешені. ӨҚКАБО қаржылай емес қолдау операторының орталық аппараты жанында құрылады.

      Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – бұл онлайн режимде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың консультациялық қызмет алуына, оқуына, ақпараттық қамтамасыз етілуіне, салықтық және статистикалық есепті тапсыруына арналған техникалық жүйе біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақталған арнайы жабдықталған орын. Өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтары кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары/кәсіпкерлерді қолдау орталықтары базасында құрылады.

      "Бизнес-Кеңесші"

      264. "Бизнес-мектеп" құрамдауышы моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында КҚО-да, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылады.

      265. Шағын және орта бизнес субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша оқу үшін өтінімді қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім толтырады.

      266. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты жөнінде мәлімет қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің көмегімен автоматты түрде анықталады.

      267. Құрамдауышқа қатысушының электрондық өтінімі тіркелгеннен кейін ақпараттық жүйенің көмегімен мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) жеке оқу тәсілін таңдаған кезде, өтінім беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында орналастырылған оқу материалдарына қол жеткізе алады;

      2) онлайн режимде оқуды таңдаған кезде өтінім беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында онлайн режимде оқудың өзіне қолайлы уақытын таңдай алады.

      268. Оқудан өткеннен кейін қаржылай емес қолдау операторы тестілеудің күнін, уақытын және өткізілетін орнын көрсете отырып хабарлама жібереді. Оқуды онлайн режимде тыңдаушылар және жеке оқығандар үшін тестілеу КҚКО/КҚО-да өзін-өзі басқару аймағында өтеді. Тестілеуден сәтті өту үшін төменгі шектік мәні дұрыс жауаптар сұрақтардың жалпы санынан 70 %-ды және одан да көп бөлігін құрайды.

      269. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін өтінім берушіге "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша оқуды өткендігі туралы сертификат электрондық форматта беріледі, қажет болған жағдайда оны қаржылай емес қолдау операторы куәландырады.

      270. "Бизнес-Кеңесші" жобасы бойынша жеке оқу жолымен сертификат алу үшін шағын және орта бизнес субъектісі және кәсіпкерлік бастамасы бар халық Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім толтырады.

      271. Электрондық өтінімді тіркегеннен кейін, қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы өтінім берушіге тестілеудің өткізілетін күнін, уақытын және өткізілетін орнын көрсете отырып хабарлама жібереді.

      "Бизнес-Өсу"

      272. Шағын және орта бизнес субъектілері "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқу үшін өтінімді қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім толтырады.

      273. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің санаты бойынша және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бойынша мәліметтер қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің көмегімен автоматты түрде анықталады.

      274. Құралға қатысушының электрондық өтінімін ақпараттық жүйе арқылы тіркелгеннен кейін мынадай іс-әрекеттер орындалады:

      1) жеке оқу тәсілін таңдаған кезде өтінім беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында орналастырылған оқу материалдарына қол жеткізе алады;

      2) онлайн режимде оқуды таңдаған кезде өтінім беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында онлайн режимде оқудың өзіне қолайлы уақытын таңдай алады.

      275. Оқудан өткеннен кейін қаржылай емес қолдау операторы тестілеудің күнін, уақытын және өткізілетін орнын көрсете отырып хабарлама жібереді. Оқуды онлайн режимде тыңдаушылар және жеке оқығандар үшін тестілеу КҚКО/КҚО-да өзін-өзі басқару аймағында өтеді. Тестілеуден сәтті өту үшін төменгі шектік мәні дұрыс жауаптар сұрақтардың жалпы санынан 70 %-ды және одан да көп бөлігін құрайды.

      276. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін өтінім берушіге "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша оқуды өткендігі туралы сертификат электрондық форматта беріледі, қажет болған жағдайда оны қаржылай емес қолдау операторы куәландырады.

      277. "Бизнес-Өсу" жобасы бойынша жеке оқу жолымен сертификат алу үшін шағын және орта бизнес субъектісі Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім толтырады.

      278. Электрондық өтінімді тіркегеннен кейін, қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы өтінім берушіге тестілеудің өткізілетін күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген хабарлама жібереді.

      "Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметке сервистік қолдау көрсету"

      279. Бағдарламаның 196-тармағында көзделген "Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметке сервистік қолдау көрсету" құралының қызметтері КҚКО, КҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде ұсынылады.

      280. Шағын және орта бизнес субъектілері сервистік қолдау алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүгінген кезде Бағдарламаға 6-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім толтырады. Бұл өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады немесе тұлғаны сәйкестендіру екі-(үш-) факторлық аутентификациялау әдісі арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесінде аудиторлық ізбен растау арқылы жүргізіледі.

      281. Шағын және орта бизнес субъектісінің электрондық өтінімі тіркелген кезден бастап ақпараттық жүйе арқылы жүктелуі бойынша түскен өтінімді қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджеріне бөлу жүзеге асырылады.

      282. Өтінімді қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі бөлгеннен кейін шағын және орта бизнес субъектісіне оның жұмысқа алынғандығы туралы электрондық поштаға немесе ұялы телефонға хабарлама жіберіледі.

      283. Қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджері алынған өтініммен ақпараттық жүйе арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде танысуды жүзеге асырады және берілген деректердің анықтығын және дұрыстығын тексереді. Егер өтінім анық, дұрыс емес немесе толық толтырылмаған болса, менеджер-консультант осы өтінімді пысықтауға (қосымша деректерді сипаттап нақтылау сипатындағы деректерді алдын ала сұрата отырып ) қайтаруға құқылы.

      284. Қаржылай емес қолдау операторының консультант-менеджер қызметті орындайды және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында өтінім берушінің жеке кабинетіне немесе шағын және орта бизнес субъектісі өтінімінің өңдеу мәртебесін көрсете отырып, смс-хабарлама жолдайды.

      285. Өтінім беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетінде ұсынылған ақпаратпен танысады, орындалған жұмыстардың электрондық актісіне электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып немесе екі-(үш-) факторлық аутентификациялау әдісі арқылы тұлғаны сәйкестендіру арқылы жұмыстың орындалғандығын растайды, осыдан кейін ақпараттық жүйе Бағдарламаға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті бағалау анкетасын қалыптастырады, онда қаржылай емес қолдау операторы консультант-менеджердің көрсеткен қызметінің сапасын бағалайды.

      "КҚО-да кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету"

      286. Бағдарламаның 140-тармағында көзделген "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық қолдау көрсету" құрамдауышының қызметтері КҚКО, КҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

      "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту"

      287. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды (аға сеньорларды) оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту" құрамдауышының қызметтері КҚКО, КҚО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимінде көрсетіледі.

      288. "Аға сеньорлар" құралын таңдаған кезде құралдың қатысушысы Бағдарламаға 8-қосымшаға сәйкес электрондық өтінімді толтырады және күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзіммен жұмыс орнынан берілетін анықтаманың көшірмесін қоса тіркейді.

      289. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты және ЭҚЖК түрі бойынша мәліметтер автоматты түрде қаржылай емес қолдау операторы веб-порталының шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердің көмегімен анықталады.

      290. Құрал қатысушысының электрондық өтінімін ақпараттық жүйе арқылы тіркегеннен кейін мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) тіркелген өтінімді қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

      3) алынған өтінімді қаржылай емес қолдау операторының 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауы.

      Егер шағын және орта бизнес субъектісінің және кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтінімі мақұлданса, мақұлданған өтінімдердің, қалыптастырылған тізбесін қаржылай емес қолдау операторы өтінім берушінің жеке кабинетіне жібереді;

      4) қаржылай емес қолдау үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, өтінім тiркелген күннен бастап 2 (екi) жұмыс күні үшінде қаржылай емес қолдау операторы дәлелді бас тартуды жібереді.

      291. Бағдарлама қатысушыларының "Аға сеньорлар" құралы бойынша одан әрі өзара іс-қимылы қаржылай емес қолдау операторының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      292. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушының өтінімін қарау туралы хабарламаны өтінім берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      "Іскерлік байланыстар"

      293. "Іскерлік байланыстар" құралының қызметтері КҚКО, КҚО жанындағы өзіне-өзіне қызмет көрсету аймақтары арқылы және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде ұсынылады.

      294. "Іскерлік байланыстар" құралын таңдаған кезде құралдың қатысушысы Бағдарламаға 9-қосымшаға сәйкес электрондық өтінімді толтырады және қолданылуы күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзіммен жұмыс орнынан берілетін анықтаманың көшірмесін қоса тіркейді.

      295. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты және ЭҚЖК түрі бойынша мәліметтер автоматты түрде қаржылай емес қолдау операторы веб-порталының тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің көмегімен анықталады.

      296. Ақпараттық жүйе арқылы құралға қатысушының электрондық өтінімі тіркелгеннен кейін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) тіркелген өтінімді қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

      3) алынған өтінімді қаржылай емес қолдау операторының 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауы.

      Егер құралға қатысушының өтінімі қаржылай емес қолдау көрсетуге оқудан өту кестесі келісілгенге дейін мақұлданса, қаржылай емес қолдау операторы күту парағына өтінімді орналастырады;

      4) қаржылай емес қолдау үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, өтінім тiркелген күннен бастап 2 (екi) жұмыс күн үшінде қаржылай емес қолдау операторы, дәлелді бас тартуды жібереді.

      297. Қаржылай емес қолдау операторының құралға қатысушылардың қаржылай емес қолдау алуға өтінімдерін қарағаннан кейін ақпараттық жүйенің көмегімен, оқу бағдарламасын көрсетумен қаржылай емес қолдау операторы веб-порталында тіркелу реті бойынша кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесі қалыптастырылады.

      298. Қаржылай емес қолдау операторы мақұлданған өтінімдер үшін оқытудан өту кестесін қалыптастырады.

      299. Оқытудан өту кестесін келісу бойынша бұдан арғы тәртіп қаржылай емес қолдау операторының ішкі құжаттарында регламенттеледі.

      300. Оқыту кестесі келісілгеннен кейін қаржылай емес қолдау операторы оқыту кестесінің көшірмесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жолдайды.

      301. Оқытудан өткеннен кейін құралға қатысушыға қатысу құралының бірінші кезеңі аясында оқытудан өткенін растайтын сертификат беріледі.

      302. Ақпараттық жүйе арқылы қаржылай емес қолдау операторы білім беру мекемесімен бірлесіп, "Іскерлік байланыстар" құралының екінші кезеңі шеңберінде одан әрі тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар қатысушылардың тізбесін қалыптастырады. Тиісті хабарлама ақпараттық жүйе арқылы қатысушылардың жеке кабинетіне жолданады.

      303. Оқытудан өткені туралы сертификат алған қатысушылар қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы Бағдарламаға 10-қосымшаға сәйкес электрондық өтінімді толтырып, конкурстық іріктеуден өту үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді.

      304. Құрал қатысушысының электрондық өтінімін ақпараттық жүйе арқылы тіркегеннен кейін мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру;

      2) тіркелген өтінімді қаржылай емес қолдау операторының қарауына жолдау;

      3) қоса тіркелген құжаттарымен келіп түскен өтінімді қаржылай емес қолдау операторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру мекемесіне жолдайды.

      305. Білім беру мекемесі қаржылай емес қолдау операторынан өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қатысушылардың өтінімдерін ұсынылған құжаттардың деректері мен мәліметтеріне сәйкестігі тұрғысынан қарап, қорытындыны қаржылай емес қолдау операторына жібереді.

      306. Келіп түскен өтінімдерді қарау барысында білім беру мекемесі шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жеке байланыс арқылы жоба бойынша қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      307. Білім беру мекемесінің теріс қорытындысы болған жағдайда қаржылай емес қолдау операторы құралға қатысушыға білім беру мекемесінен қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды жолдайды.

      308. Білім беру мекемесінің оң қорытындысын алған қатысушыларға қаржылай емес қолдау операторы әңгімелесуден өту кестесінің қалыптастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      309. Екінші кезеңге арналған әңгімелесуден өту кестесін қалыптастыру және бекіту қаржылай емес қолдау операторының ішкі құжаттарында регламенттеледі.

      310. Құралдың екінші кезеңіне арналған әңгімелесуден өту кестесі бекітілгеннен кейін қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құрал қатысушысының жеке кабинетіне ақпараттық жүйе арқылы әңгімелесуден өту кестесінің көшірмесін жолдайды.

      Бағдарламаны іске асыру мониторингі

      311. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты тұрақты алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      312. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:

      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;

      2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.

      313. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметі нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.

      314. Мониторинг жүргізу үшін ақпарат көздері:

      1) ұлттық және ведомстволық статистика;

      2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;

      3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;

      4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама жүргізу;

      5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.

      315. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.

      316. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.

      317. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.

      318. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      319. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп дайындауды қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.

      320. Бағдарлама мониторингін жүргізудің тұрақтылығы:

      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау – уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;

      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін өңдеу жолымен және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің жалпы санының кемінде 5 %-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен – жыл сайын;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.

      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.

      321. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде:

      1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады;

      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – қаржы агенттігінің меншік қаражаты есебінен; Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде - қаржылай емес қолдау операторының меншік қаражаты есебінен;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебінен;

      4) "Бағдарламаны іске асыру мониторингі" тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізу – қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы

      322. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.

      323. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.

      324. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.

      325. Жұмыскерлердің кірісінің, орташа жылдық санының өсу, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Жұмыскерлер кірісінің, орташа жылдық санының өсу, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн қаржы агенттігі шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.

      326. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеуші туралы мәліметтерді беру жөнінде кәсіпкерлік субъектілерінің келісуі туралы берілген өтініштердің негізінде салықтар мен бюджетке төленген төлемдердің көлемі және қаржы агенттігі бағдарламасына қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне жолдайды. Кірістер, салықтар мен бюджетке төленген төлемдердің көлемі және Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы соңғы 5 жылдағы жылдық деректер кәсіпкерлік субъектілерінің келісуі туралы берілген өтініштер негізінде қаржы агенттігінің сұрауы бойынша ұсынылады.

      327. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингілеуді жүзеге асырады.

      Бағдарламаның өлшемшарттары

      328. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/микрокредиттері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Бағдарлама шарттарына сәйкес кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржы ұйымдарының кредиттері/ лизингтік мәмілелері/ микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:

      ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      банктердің/даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған және арзандатылатын;

      овердрафт түрінде берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер/ микрокредиттер бойынша жүзеге асырылмайды;

      3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютамен берілуге тиіс.

      329. Мыналар:

      1) кәсіпкерлер моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді және дәрілік зат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген медициналық (бальзамнан басқа) мақсаттағы құрамында спирті бар өнім шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;

      2) ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін өндіруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      4) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

      330. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

      331. Уәкілетті орган Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

      332. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттігі бар шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

      333. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлерге/Қазақстан Республикасының резиденттері – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне де ұсынылады.

      334. Бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жаңа нарықтарға шығуы Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.

      335. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/микроқаржы ұйымдарының/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданады.

      336. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

      337. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      338. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе реконструкциялауға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұған дейін ӨҮК-те мақұлдаған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

4