• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 19,7% - ға, 93,5 млрд долларға өсті. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, Республикадағы экспорт 61 млрд долларды (25,7% – ға артық), импорт-32,5 млрд долларды (9,9% - ға артық) құрады.
Бұдан басқа, ЕАЭО елдеріне экспорт есепті кезеңде 5,8 млрд долларды (12% – ға артық), импорт-13,2 млрд долларды (5,6% - ға артық) құрады. Есепті кезеңде қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылары Италия – Республиканың барлық экспортының 19,3%, Қытай – 10,3%, Нидерланды – 10,2% болды.
Есепті кезеңде Қазақстанның негізгі импорттаушылары Ресей – 38,1%, Қытай – 16,5%, Германия – 5,1% болды. [1]


 2019 ж қаңтар- наурыз айларында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 20 361,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7% – ға азайды, оның ішінде экспорт – 13 313,8 млн.АҚШ доллары(4,3% кем), импорт– 7 047,2 млн. АҚШ доллары(2,7% кем)

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 446,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылдың қаңтар- наурыз айларымен салыстырғанда 0,3% азайды, оның ішінде экспорт – 1 344,5 млн. АҚШ доллары (4,8% кем), импорт – 3 102,3 млн. АҚШ доллары (на 1,7% артық).
Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

ҚР ҰЭМ деректері бойынша құрастырған «LINCOMPANY» ЖШС
2019 жылғы қаңтар-наурызда импорттың тауарлық құрылымы, пайызбен

Дереккөз: ҚР ҰЭМ статистика комитеті 

2019 жылғы қаңтар-наурызда экспорттың тауарлық құрылымы, пайызбен

Дереккөз: ҚР ҰЭМ статистика комитеті