• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg



Бүгін Дүниежүзілік банк бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша "Doing Business - 2020" есебін жариялады. Онда Қазақстан өз позициясын үш тармаққа жақсартып, әлемнің 190 елі ішінде 25-ші орынға көтерілді. Бұл ЕАЭО елдері ішінде бірінші орын, суретті қараңыз.

Бұл ретте ЕАЭО тек екі мемлекет өзінің жиынтық көрсеткіштерін жақсартты: Қазақстан мен Ресей (өткен жылмен салыстырмалы түрде 31-орыннан 28-орынға көтерілді). Беларусь 8 позицияға төмен түсті (DB-2019 рейтингісінде 37-ші орынға қарсы 49-шы орын), Армения 6 позицияға төмен түсті (өткен жылы 41-ші орынға қарсы 47-ші орын), Қырғызстан 10 позицияға төмен түсті (өткен жылы 70 – ші орыннан 80-ші орынға). Бірақ жоғарыда аталған 3 елде оң динамиканың жоқ екенін білдірмейді, бұл ретте кей мемлекеттер салыстырамалы түрде бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуда қарқынды серпіліс жасады.

ЕАЭО елдерін "Doing Business-2020"рейтингте бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша бөлінуі , әлемдегі орын

 



"Doing Business" рейтингі жеке кәсіпорындарға қатысты тіршілік әрекетінің негізгі салалары бойынша қолданылатын құқықтық нормаларға талдау жүргізеді. Биыл бизнесті жүргізу шарттарының қолайлылығы бойынша рейтингке келесі он көрсеткіш енгізілді:

"Кәсіпорындар құру"»,
"Құрылыс салуға рұқсат алу"»,
"Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу»,
"Меншікті тіркеу»,
"Кредиттерді алу "»,
"Миноритарлық инвесторларды қорғау»,
"Салық салу"»,
"Халықаралық сауда"»,
"Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету"»
"Төлем қабілетсіздігін шешу".
Алдын ала талдау көрсеткендей, Қазақстан үш көрсеткішті айтарлықтай жақсартты: Кәсіпорындарды тіркеу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосу, кредиттер алу, кестені қараңыз.



Бірқатар көрсеткіштер бойынша мемлекет өзінің бұрынғы позициясын нашарлатты және оларды жақсарту бойынша жұмыс алда тұр. "Doing Business - 2020" рейтингінің деректері 2019 жылдың 1 мамырына өзекті екенін ескеру қажет. Бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту жұмыстары дәл 1 жыл өткен соң бағаланады.

Елдер бойынша рейтинг көрсеткіштерімен мұнда танысуға болады

PS. бизнесті жүргізудің жеңілдігін бағалау кезінде "жұмыс күшін жалдау" және "Үкіметпен келісім-шарттар жасасу" ескеріледі, бірақ осы көрсеткіштер осы жылы рейтингте қаралған жоқ...

Людмила Насенкова, директор ТОО «ТC-Onlinе»