Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау
24. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
3) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
4) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
5) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
6) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру;
7) мемлекеттік гранттар беру;
8) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
9) индустриялық аймақтар құру.
25. Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында меншікті жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары болып табылады.
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
26. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
27. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
28. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
29. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
30. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
31. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.
32. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
33. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
35. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
36. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
37. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
38. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
39. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.
40. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
41. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
42. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
43. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша ғана беріледі.
44. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.
45. Кепілдік мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.
46. Ұсынылатын кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
47. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
48. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартады.
49. Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру
50. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік гранттар беру
51. Мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
52. Мемлекеттік гранттар беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
53. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді.
54. Мемлекеттік гранттарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
55. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтарды құру шеңберінде де жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуді білдіреді.
56. Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.
58. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
59. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымдарды салуға және реконструкциялауға бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, сутаратқыштар, буқұбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темiржол тұйықтары, темiржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.
60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісі аумағының ішінде инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.
61. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.
62. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу құрылыс құнының кемінде 10 % мөлшерінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
63. Республикалық бюджеттен құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) немесе жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын әзірлеумен байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.
64. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.
Индустриялық аймақтарды дамыту
65. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтер көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету пункттері), банктік қызметтер көрсету объектілері орналастырылады.
66. Индустриялық аймақтар құрудың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
67. Индустриялық аймақтар:
1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылысжайлар салуға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;
2) кәсіпкерге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар, оның ішінде өндірістік инфрақұрылымы бар тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістер;
3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
68. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жүргізу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады.
69. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізу де жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
70. Индустриялық аймақтарды құру өңірлік мамандануға және жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
71. Инфрақұрылым салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтар құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.
72. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (бұдан әрі – ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
73. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына:
1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингілеу;
5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау жатады.
74. ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
75. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компанияларды, оның ішінде жергілікті және шетелдік бөгде ұйымдарды тарта отырып, құра алады.
76. Өнеркәсiптiк аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жетiспейтiн инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргiзу қағидаларымен регламенттеледі.