• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg

Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерінің төмендеуі

      77. Бағдарламаның үшінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:

      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі мен жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.

      78. Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын және кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай түсімнің жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерінде валюталық түсім алатын кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алады.

Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      79. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте қайта жаңарту негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қайта жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде көрсетілуге тиіс.

      80. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған кезден бастап белгіленеді.

     

81. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктің/даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      82. Қаржы агенттігі оң бағамдық айырма пайда болған жағдайда кәсіпкердің жобаларын субсидиялау үшін қаражатты кейін қайта бөлу мақсатында айырманы қаржы агенттігінің шотына қайтаруды жүзеге асырады, ал бағамдық айырма теріс болса – кәсіпкерге жүктеледі.

      83. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомасын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.

      84. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылык лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.


 
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      85. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қайта жаңарту негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыру бойынша субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдарды сатып алуды және/немесе жаңғыртуды және/немесе өндірісті кеңейтуді қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.

      86. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда, кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

     

87. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      88. Бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      89. Номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ислам банктерінің қолданыстағы қаржыландыру бойынша ұлттық және шетелдік валюталарда және исламдық лизингтік компанияларының – ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      90. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аударған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.

      91. Қаржы агенттігі оң бағамдық айырма пайда болған жағдайда кәсіпкердің жобаларын субсидиялау үшін қаражатты кейін қайта бөлу мақсатында айырманы қаржы агенттігінің шотына қайтаруды жүзеге асырады, ал бағамдық айырма теріс болса – кәсіпкерге жүктеледі.

      92. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалға беру төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      93. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

4