• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
Бизнестің жол картасы-2025> Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Мақсаттар
Бағдарламаның мақсаттары өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі бар жұмыс орындарын сақтап қалу әрі жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

4.2. Нысаналы индикаторлар

Бағдарламаның 2025 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:

      1) ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
      2) Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
      3) Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
      4) ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
      5) Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.
      3-кесте. Нысаналы индикаторлар

 4.3. Міндеттер

      Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін мынадай төрт:

      1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау;

      2) экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;

      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

      4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету бағыттары бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау

      Осы бағыт шеңберінде мынадай:

      1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту;

      2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту міндеттерін шешу қажет.

      1-міндет. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту

      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.

 

      4-кесте. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері 

2-міндет. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту

      Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту үшін кәсіпкерлердің жобаларын жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

      5-кесте. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

Осы бағыт шеңберінде мынадай:

1) өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту;

2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

3) кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту міндеттерін шешу қажет.

3-міндет. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту

Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.

 

6-кесте. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

4-міндет. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру

Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлер жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

 

7-кесте. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру бойынша нәтижелер көрсеткіштері

5-міндет. Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту

Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және кәсіпкерлерге берілген банктердің/даму банкінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.

Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту

Осы бағыт шеңберінде шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруін болдырмау жөніндегі міндетті шешу қажет.

6-міндет. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу

Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ұлттық және шетелдік валюталарда жүзеге асырылатын болады.

8-кесте.Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету

      Осы бағыт шеңберінде мынадай:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту міндеттерін шешу қажет.

 

7-міндет. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.

 

9-кесте. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша нәтижелер көрсеткіштері

8-міндет. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру

Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жүзеге асырылатын болады.


10-кесте. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері

9-міндет. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу (Аға сеньорлар), кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы) мәселелері бойынша сыртқы және ішкі консультанттарды тарту жүзеге асырылатын болады.

 

11-кесте. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері

10-міндет. Іскерлік байланыстарды кеңейту

Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату ("Іскерлік байланыстар" құралы) және отандық өңделген тауарларды ілгерілету жүзеге асырылатын болады.

 

12-кесте. Іскерлік байланыстарды кеңейту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

 

4