• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg

 

Мемлекет басшысы бизнестің карантиндік шараларға байланысты проблемалары мен мұн-мұқтажын назарға алды. Бүгін елдегі COVID ситуациясына қатысты жиын өткізіп, бір қатар шұғыл тапсырма берді, олардың қатарында кәсіпкерлерді қолдауға арналған шаралардың жедел пакетін қабылдау бар

Президент коронавирусқа байланысты жағдай тым мүшкіл екенін атап өтті. Эпидемия өршіп барады, ауру жұқтырудың өскені тіркеліп, вирустың мутацияланған жаңа штамдарының пайда болуда. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Алайда пандемиямен күрестің сәтті өтуі – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі элементтерінің біріне айналып отыр.
Президент уәде етілген 1 ақпаннан іске асуы керек жаппай вакцинациялау басталмағанын атап өтті, елде халықтың 0,1 пайызға да жетпейтін бөлігі вакцина алған. Пандемия басынан бір жылдан астам уақыт өтті, ал коронавирусқа қатысты мәселе әлі де қатаң шектеулер және тыйымдармен шешіліп келетінін айтты.
«Атамекен» санитар дәрігерлердің әрекеті болжамды әрі түсінікті болуы үшін санитар дәрігер және бизнестің өзара әрекеттесуінің нақты алгоритмін қабылдау мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Бүгін бұл түйткілді Президент ереше атап өтті. Кәсіпкерлердің мәселелерін шұғыл шешу мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке мынадай шаруаны шұғыл қолға алуды тапсырды.
Мемлекет басшысы Ashyq жобасының қолданыс ауқымын кеңейтуді тапсырды. Осыған дейін Ұлттық палата мамандары цифрлық мониторинг қатаң карантинге балама бола алатынын атап өткен. Қазіргі кезде Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматыда пилоттық жобаға 322 кәсіпкерлік субъектісі қатысып жатыр.
Президент кәсіпкерлердің тағы бір түйткіліне – мониторингтік топтардың жүйесіз тексерулер өткізуіне тоқталып өтті. «Атамекенге» кәсіпкерлер мониторингтік топтар тарапынан заңсыз тексеру жүргізу фактілерімен жиі шағым түсіреді.
«Кімді қашан тексерем, өзім білем» принципін жою үшін «Атамекен» тексеруді цифрлық платформада алдын ала міндетті тіркеуді енгізуді ұсынды, осылайша кәсіпкерлер тексерудің жоспарлы жүргізілетінін білетін болады.
Мемлекет басшысы рейдтер кезіндегі заңбұзушылықтарға шағымдар қабылдайтын колл-орталық құруды ұсынды.
толығырақ https://atameken.kz/kk/news/42083-prezident-poruchil-podderzhat-biznes