• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg




Үкімет "Атамекен " ҰКП-мен бірлесіп экономиканың зардап шеккен салаларын бағалау мақсатында жедел штаб құрды.

"Атамекен" ҰКП-да ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша жобалық кеңсенің отырысы өтті.

Роман Скляр Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша экономиканың зардап шеккен саларында жағдайдың жедел мониторингін қамтамасыз ету үшін "қарапайым заттар экономикасын" дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің мандаты кеңейтіліп, бизнестің жай-күйін мониторингілеу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлады.

Роман Склярдың жетекшілігімен жобалық кеңсенің құрамына "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары, бейінді орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Премьер-Министрдің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дана Жүнісова жедел штабтың міндеттері туралы ақпарат берді. Мәселен, штаб өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйіне және карантиндік шаралар аясында бизнес жүргізу әсеріне мониторинг жүргізіледі, ШОБ субъектілерінің ішінде неғұрлым зардап шеккен салалардың саны туралы өзекті мәліметтерді қалыптастырады, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру және дамыту, жұмыспен қамтуды сақтау бойынша жедел және жүйелі ұсыныстар әзірлейді.

Бизнестің жай-күйі туралы жедел деректер апта сайын үш көзден құралады: әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және тікелей бизнестен. Осылайша, бизнес өзінің жағдайы мен проблемалық мәселелердің бар екендігі туралы тікелей хабарлай алады.

Кәсіпкерлер үшін онлайн-сауалнама жасалған, оны толтыру үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://forms.gle/GSB5Bsf6GSTz3eeW9. Жиналған деректер негізінде жедел штаб кейіннен қажетті қолдау шараларын қабылдау үшін Үкіметті хабардар ететін болады.

Өз кезегінде Абылай Мырзахметов бизнес пен мемлекеттік органдардың үйлесімді және жедел жұмысының нәтижесі проблемаларды дер кезінде шешу және оларды ерте кезеңде диагностикалау болатынын атап өтті.

Жобалық кеңсенің отырысын қорытындылай келе, Роман Скляр шұғыл штабтың жиналуы әкімдердің орынбасарлары қатысуымен апта сайынғы негізде жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ, жедел штаб апта сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жүргізіп отырған жұмысының нәтижелері туралы хабардар ететін болады.

 

ақпарат көзі:  primeminister.kz