• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg

 

Бүгінгі таңда 250-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылған, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Прокурорлар, полиция қызметкерлері, әкімдік және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (СЭС) қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар енгізілген карантин және төтенше жағдай режимі талаптарын сақтау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде,- деп Нұр-сұлтан прокуратурасы хабарлады. Аралау барысында меншік иелері мен жалға алушыларға "төтенше жағдай туралы" заң талаптары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы, қалалық жедел штабтың коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы шешімдері, атап айтқанда жұмыс кестесі мен режимін белгілеу, сондай – ақ санитарлық және дезинфекциялық шаралар талаптарын сақтау туралы шешімдері түсіндірілді", - деп атап өтті қалалық прокуратурада.

Дереккөз: astana.gov.kz