Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы үйлестіру комитетінің жетінші отырысы «Атамекен» ҰКП, «Даму» КДҚ» АҚ, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, екінші деңгейдегі банктер мен Еуропалық Қайта құру және даму банкі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалық етуімен өткізілген кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкі ҚР Ұлттық экономика министрлігі қаржыландыратын Іскерлік консультациялық қызмет және «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының 2019 жылғы іске асырылу нәтижелерімен таныстырылды. Іс-шараға қатысушыларға сөз арнай келіп, Жаслан Мәдиев еліміздегі бизнес ортасын жақсарту бойынша Қазақстан Үкіметінің жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды. «Осы мақсатта бизнес-климатты жақсарту жөніндегі заңнамалық шаралардың 8-пакеті әзірленді. ЭЫДҰ-ның алдыңғы қатарлы елдерінің халықаралық тәжірибесін есепке ала отырып, Ұлттық байланыс орталығын құру жұмысы басталды. 2019 жылғы желтоқсанда Парламент микро және шағын бизнесті табыс салығынан босату бойынша заңнамалық түзету енгізді. Бұрынғы тәжірибеге негізделген және стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», - деді вице-министр. Сонымен бірге, ведомство басшысының орынбасары ЕҚДБ-ның алты жыл ішіндегі бірлескен жұмысы кезінде көбінесе, өңірлерде кәсіпкерлер мыңға тарта жобаны іске асырғанын атап көрсетті. 2015 жылы басталған «Бизнестегі әйелдер» атты еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасының табысты қызметі туралы атап өту маңызды. Біз еліміздегі бизнесті жан-жақты қолдауға ұмытылудамыз әрі ЕҚДБ-ны сыртқы қатерлерге төзімді, жедел дамудағы, сапалы және алдыңғы қатарлы бизнес-ортаны дамыту үшін мүмкіндік беретін ұзақмерзімдік және мықты әріптес ретінде бағалаймыз. ЕҚДБ деректеріне қарағанда, 2019 жылы Іскерлік консультациялық бағдарлама бойынша ШОБ кәсіпорындарында 211 жаңа консультациялық жоба басталса, оның 24-іне халықаралық сарапшылар тартылған. Жобаларға бөлінген гранттар сомасы 2,3 млн еуро. Өткен жылы да «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы шеңберінде 66 жоба басталып, оны іске асыруға 327 мың еуро бөлінген. Консультациялық жобалармен бірге, ЕҚДБ арнайы кредиттік желі арқылы әйелдер бизнесіне қолдау жасайды. Оның жалпы сомасы Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері 60 млн АҚШ долларынан асқан. Іс-шара соңында тараптар баршаға табысты кездесулер мен жемісті жұмыс тіледі. Дереккөз: facebook |