• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын және шағын кәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын тұлғалардың, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілердің табыстарына салық төлеуден босатылады. Мәселен, жоғарыда аталған тұлғалар келесі төлемдерді 100 % - ға азайтуға құқылы:

1) Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасы;

2) Әлеуметтік салық сомасы (тек оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын төлеушілер үшін);

3) Бірыңғай жер салығының сомасы.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тұлғалар Мемлекеттік кіріс органдарына табыс салығын есептеу мен салық есептілігін тапсырудан босатылмайды.

Барлық қалған салықтар мен төлемдер міндеттемелер пайда болған кезде төленеді.
толығырақ: atameken.kz