Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде аса шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуді, профилактикалық бақылауды және қадағалауды тоқтатады. Жарлықтың күші халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға; конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруге қолданылмайды. Сонымен қатар, егер кәсіпкердің өз- өзі қызметіне қатысты,сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасаса тексеріс жүргізілуі мүмкін. Мораторий прокурорлық, кедендік, қарсы салықтық тексерулерге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды тексеруге, өнімге санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізумен профилактикалық қадағалауға қатысты емес. |