Алматы облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 122мыңнан асты, олардан түсетін салық 1,3 есе артып, 113 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өткен есеп беру кездесуінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, облыс кәсіпкерлері сомасы 11,8 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау алды. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 32 процентке жеткен. |